Қазақстан • 15 Наурыз, 2021

Ауылдағы медициналық көмекті жақсарту үшін ауқымды жұмыс атқару керек - Цой

502 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ауылдық жерлердегі медициналық ұйымдардың басшыларымен кездесіп, шалғайдағы елді мекен тұрғындарына медициналық көмекті қолжетімді ету мәселесін талқылады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауылдағы медициналық көмекті жақсарту үшін ауқымды жұмыс атқару керек - Цой

«Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйктегі Қазақстан халқына Жолдауында алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарауды тапсырды. Ол халыққа, әсіресе, ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы тиіс. Сонымен қатар, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, ауылдағы медициналық көмектің сапасын жақсарту қажет», - деді А.Цой.

Министрлік негізгі проблемаларды шешу үшін 2021-2025 жылдарға арналған МСАК сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті. Жоспар медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қолжетімділігі мен көлемін арттыру, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту, қажетті кадрмен қамтамасыз ету, цифрландыру және қаржыландыру мен нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруді қамтиды.

Кездесуде ел азаматтары мен ауылдағы медицина қызметкерлеріне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Ауылдық аурухана басшылары коронавирус инфекциясына қарсы медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Сонымен қатар, ауылдағы денсаулық сақтауды дамыту перспективалары бойынша ұсыныстар талқыланды.

Соңғы жаңалықтар

Адалдық – ардың ісі

Пікір • Бүгін, 09:55

Демократияның даму көрінісі

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Өсімі жоғары өңір

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Береке белсендіге бітеді

Кәсіпкер • Бүгін, 09:30