Аймақтар • 19 Наурыз, 2021

Атырауда 76 жастағы қарияға қарақшылық шабуыл жасалды

534 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Егде жастағы атыраулыққа қарақшылық шабуыл жасалды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Атырауда 76 жастағы қарияға қарақшылық шабуыл жасалды

«Махамбет ауданының тұрғыны 14 наурызда сағат 08:00 шамасында 1945 жылы туған  азаматшаның үйіне заңсыз кіріп, үшкір затпен қорқытқан. Әр түрлі купюрадағы 14 мың  теңге ақшасын, алтын бұйымдарын алып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген залал көлемі – 114 мың теңге. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, осы қылмысқа күдікті 31 жастағы азаматты ұстады» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 192-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.