Аймақтар • 20 Наурыз, 2021

Ақтөбеде әскери қызметшілер қан тапсырды

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде 6655 әскери бөлімінің қызметкерлері қан тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтөбеде әскери қызметшілер қан тапсырды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 игі іс» шарасын ақтөбелік әскери қызметшілер де қолдады. 6655 әскери бөлімінің 40 қызметкері донор болды. Қан тапсыру кезінде барлық санитариялық-эпидемиологиялық сақтық шарасы ескерілді.

«Қан қоры болғанымен, оны үнемі жаңартып, толықтырып тұру керек. Осыны ескерген қызметкерлер біразуыздан орталыққа келіп, қан тапсыруға шешім қабылдады. Әскери қызметшілер ел тығыштығы мен қауіпсіздігін күзетеді әрі осындай қайырымдылық акцияларына жиі қатысады. Бұл біздің азаматтық борышымыз», деді 6655 әскери бөлімі командирінің орынбасары Ғани Бөлкебаев.

Әкери қызметкерлер игі шараны дәстүрге айналдыруды көздейді.

«Донор дегеніміз – дені сау адам. Сол себепті біз мұқтаж жандарға көмек беруіміз керек. Өз еркімізбен келіп, жақсы іске үлес қостық. Енді әдетке айналдырып, тұрақты донор боламын», деді қатардағы Эльдар Бекболатов.