– Халық санағы – қоғамның әлеуметтік-демографиялық бейнесін бағалаудың құралы. Санақ арқылы мемлекетте ең үлкен мәліметтер базасы қалыптасады. Біз жасайтын түрлі әлеуметтік сауалнамалар, өзге зерттеулердің іріктеуінің көлемі 1600, 2 мың, 7 мың, ең көбінде 10 мың болады. Статистика комитеті жүргізетін сауалдамаларға қатысатын адамдар саны 10 мыңнан аспайды. 100 мың, 200 мың не 1 млн адам қатысатын сауалдамалар жүргізілмейді деуге де болады. Халықтың тұрғын үй жағдайы, отбасылық құрамы, этностық сипаты, ұлты, діні, тіл білуі, білім деңгейі, көші-қон, болашақта көшу жоспары, неке туралы мәліметтер, жұмыспен қамтылу деңгейі, табыс көздері, денсаулығы, тұрмыста айрықша күтімді қажет ететіндігі секілді маңызды әлеуметтік көрсеткіштерді анықтауға болады. Ал бұл өлшемдер бойынша жалпыхалықтық деңгейде жиналған ақпарат бізге құнды мәлімет береді. Нәтижесінде халықтың әлеуметтік тұрмысын бағалауға мүмкіндік туады. Әлеуметтік жағдайды сандық тұрғыда өлшейтін болсақ, біз азаматтардың табыс көлемін де білгіміз келеді. Мұндай мәселе өзге елдерде де кездеседі. Алайда, халықтың көпшілігі табысы туралы сауалдан жалтарып, жауап бергісі келмейді. Бұл сұраққа жауап алу ықтималдылығы төмен не шынайы болмауына байланысты бізде бұл сауал қойылмайды. Сол себепті халықтың тұрмысын, әлеуметтік жағдайын сандық тұрғыда бағалау өте қиын, – деді Айсұлу Молдабекова
«Egemen Qazaqstan» газетінде ұйымдастырылған «Ұлттық халық санағы: ұпай түгенделетін тарихи сәт» атты дөңгелек үстелінде Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Экономика институтының ғылыми қызметкері, әлеуметтанушы Айсұлу Молдабекова халық санақтары нәтижесінде алынған ақпарат тұрғындардың әлеуметтік жағдайын қаншалықты шынайы бағалай алатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкіметте өндірісті локализациялаудың келешегі талқыланды
Үкімет • Бүгін, 12:30
11-сынып оқушысы мектепке «жарылғыш зат» қойылғаны туралы хабарлаған
Заң • Бүгін, 12:29
Қазақстан полицейлері футзалдан халықаралық турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 12:23
Қостанай тұрғындары жылусыз қалды
Аймақтар • Бүгін, 12:23
Қырғызстан көмір экспортына тыйым салды
Әлем • Бүгін, 12:05
Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
Бокс • Бүгін, 11:27