Әлем • 25 Наурыз, 2021

Исландияның табысты жобасы

500 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінгідей климаттың өзгеруі секілді қоршаған ортаға төнген қауіп әлем елдеріне ой салғалы біраз болды. Өркениетті елдер жаңартылатын энергия көздерін дамы­тып, табиғатты қорғау мәселесін күн тәртібіне шы­ғар­ды.

Исландияның табысты жобасы

Солардың бірі – 400 мыңға жет­пейтін халқы бар Ис­лан­дия тәжіри­бе­сі көпке үлгі ретінде ай­тылып жүр. Бұл шағын елде тұтынылатын электр энергиясының ша­мамен 100 пайызы жаңар­ты­ла­тын көзден алынады. БҰҰ Исландияның баламалы энергия көзіне ауысуын әлем елдері үшін үлгі болатынын айтады. Исландия мысалынан баламалы энергия көзінің ел экономикасын да нығайта түскенін байқауға болады. Бастапқыда ел билігі әлем­дік энергетикалық на­рық­­тағы мұнай бағасының тұ­рақсыздығына төтеп бере алмай, баламалы энергия көздеріне бет бұра бастаған. Арктикалық шең­бер­дің ше­тінде оқшауланған ел үшін тұрақты әрі эко­номи­калық не­гіз­делген ішкі энер­ге­ти­ка­лық ресурс құру мәсе­ле­сі өзек­ті еді.

Исландия бұл бағытта ше­тел­дік өнімдерден гөрі, отан­дық өнер­тапқыштардың жобаларын не­гізге алған. ХХ ғасырдың басында бір фермер геотермалды жылу жүйесін жасау үшін жерден шыққан ыстық суды өз шаруа­шы­лығында пай­да­ланудың жолын тапқан екен. Осыдан кейін елде геотермалды ресурс­тар­ды жүйелі түрде зерт­теу бас­тал­ған. Мұнай өнер­кә­сі­бі­нен алынған бұр­ғылау технологиясы көбірек үйді жылытуға болатын ыстық суға қол жеткізу үшін қол­данылған. Ке­йіні­рек бұл жал­пыұлттық коммерциялық жобаға ұласқан. Елдегі гидрожобалар да фермерлердің өз шар­уа­шылығын электр қуа­тымен қамтамасыз ету ниетінен да­ми бастаған. Кейінірек бұл жобалар көлемі артып, мем­ле­кет­тің басты басым ба­ғыт­та­ры­на айналған. Осы­лайша, Ис­лан­дия­ның жаңартылатын энергия көз­деріне табысты көшкен көрі­не­ді. Қай уақытта да ізденістің соңы жетістікке ұласады емес пе?!