Пікір • 26 Наурыз, 2021

Кез келген мәселе халықпен келісіліп шешіледі

557 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздегі Жер реформасы жөніндегі комиссияның тарихы 2016 жылдан бастау алады. Биыл сол жұмыс қайта жанданып, екінші кезеңге қа­дам басып отыр. Сондықтан қоғамда туындаған даулы мәселелердің ше­ші­мін табуға негізделген мұндай алаңдардың пайда болғанын әрқашан қол­­даймын. Маңызды мәселелер жабық есік жағдайында емес, халықпен ке­лі­­сіле, талқылана отырып шешілгені жөн.

Кез келген мәселе халықпен келісіліп шешіледі

Әрине Жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмысына қатысты қоғамда түрлі пікірлер айтылғанын жақсы білеміз. Қолдайтын да, сынап-мінейтін де сөздерді құлағымыз шалып жат­ты. Алайда кез келген жұмыс нәти­же­мен өлшенетінін ұмыт­пауымыз қа­жет. Бұл ретте атал­ған комиссия алға қойған мін­дет­тердің бірқатарын атқа­рып үл­гергенін айтқым келеді.

Бір кезд­ері қазақ жерінің шетел аза­мат­тарына ұзақ мерзімге жалға немесе мен­шікке берілу мәселесі – ел арасында дүр­белең, дау-дамай ту­ғыз­ға­ны белгілі. Осы мәселеге біржола нүкте қойылды. Мем­лекет басшысы ұсынған тиісті заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралып жатыр. Бұл ше­шім­ді азаматтық қоғамның зор же­тіс­тігі деп бағалауға бола­ды. Оған осы комиссияның жемісті жұ­мысы ар­қы­лы қол жеткізгеніміз анық. Нақ­ты нәтиже деп отырғанымыз – осы.

Соған қарамастан, жерге қатысты әлі де түйіні шешілмеген түйткілді мәсе­лелер бар. Енді Қазақстан осы жер­дің тағдырын қалай шешеді деген мәселе пайда болды. Мәселен, еліміз жер аумағы бойынша әлемде тоғы­зыншы орынға тұрақтағанымен, ха­лықтың тығыздығы бойынша көш соңында келеміз. 1 шаршы шақырымға 6 адамнан ғана келе­ді. Бұл – әлемдегі ең төмен көрсеткіштердің бірі. Ал жеме-жемге келгенде отандастарымызға жер жетпей жатқанын естиміз. Айнал­дыр­ған 10 сотық жердің өзіне қол жеткізе алмай отырмыз. Кез келген ауыл­дың айналасындағы жердің бәрі бәз біреулердің қолында болып шы­ға­ды. Ауылдықтар соның кесірінен жайы­лым таппай зар қағып жүр.

Әрине бұл Жер реформасы жө­нін­дегі комиссияның алғашқы отырысы ғана. Сондықтан бұл отырыс­та ең алдымен жұмыс тәртібі, рег­ла­менті, ұйымдастыру мәселелері қа­ралды. Сондай-ақ бірталай азамат­тар сөз сөйлеп, 50-60-қа жуық орынды ұсыныстар айтылды. Ашық әңгі­ме болды. Ең бастысы, маңызды мәсе­ле­лер­дің барлығы қоғаммен бірлесе оты­рып шешілетін болады.

 

Расул ЖҰМАЛЫ,

саясаткер, Жер реформасы жөніндегі комиссия мүшесі