Аймақтар • 26 Наурыз, 2021

Атырауда 3166 адам вакцина салдырды

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінге дейін 3166 адам «Спутник V» вакцинасын салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 3166 адам вакцина салдырды

Оның ішінде 1550 медицина қызметкері, 1275 педагог пен 341 полицей бар.

«Атырау облысына 3600 «Спутник V» вакцинасы жеткізілді. Қазір вакцинаның 3207 дозасы егілді. Вакциналау жүргізілетін нысандарда әлі де 391 доза сақтаулы тұр» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.