Аймақтар • 05 Сәуір, 2021

М.Әйтенов: Бағаны тұрақтандыратын жобаларға қолдау көрсетуіміз керек

150 рет көрсетілді

Бүгін Шымкент қаласының Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабы 333 кварталда «Темиршиков» ЖК нан-тоқаш өнімдерін өндіретін наубайхана іске қосылды. Жоба құны – 300 млн теңге. Жеке кәсіпкерлер 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Қала әкімі Мұрат Әйтенов кәсіпкерлік нысанның ашылуына қатысып, наубайхананың әлеуетімен танысты.

Жалпы аумағы 7200 шаршы метр кәсіпкерлік нысан жаңа үлгідегі нан пісіруге арналған заманауи технологиялармен жабдықталған. Баса айта кетерлігі, қаладағы ең арзан нан осында өндіріледі. Өйткені, заманауи құрылғылар газбен жұмыс істейді.

Шаһар басшысы қазіргі нарықтық экономикада бағаны тұрақтандыратын осындай бастамалар екенін алға тартып, сала басшыларына мұндай жобаларды қолдау керектігі жөнінде тапсырма берді. Тіпті басқа өңірлерге де үлгі ретінде көрсету қажет.

1

Сондай-ақ, жаңа кәсіпорындағы нан пісіретін пештер Шымкент қаласының өз өндірісі. Қала әкімі күнделікті тұтынатын қарапайым заттардың толық өзімізде өндірілетінін айтып, бұл бағыттағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталып өтті.

Наубайхана тәулігіне қуаттылығы 90 мың дана нан өнімдерінің түрлерін, оның ішінде 65 мың дана әлеуметтік нан (қалыпты бөлке нан) өнімдерін шығарып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар