Пікір • 07 Сәуір, 2021

Еліміз жаңа, ал стандарттарымыз ескі...

222 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Отыз жылдан бері егеменді елге айналған Қазақстан қаншама қиындыққа жолықса да, тастай берік төзімділігі арқылы жалпақ әлемге өзінің өршіл үнін, өркениетке деген үмітін мойындатты. Осы жылдар ішінде еліміз сан белестен өтіп, талай жетістікке қол жеткізді.

Еліміз жаңа, ал стандарттарымыз ескі...

Алайда елімізде көптеген салада Кеңес өкіметі дәуірінде қалыптасып, осы уақытқа дейін сақталып қалған ескі стан­дарттар қолданылып жүр­генін мойындау керек. Ал әлемде соңғы кезде болып жатқан күрделі сын-қатерлі оқиғалар мен дағ­да­­рыс­­тар бізден оларды шешу­­­дің оңтайлы әрі тиімді жол­­дарын қарастыруды талап етеді. Қазіргі жаһандану ке­зеңінде еліміздің ұлттық қауіп­сіздігін қамтамасыз етуге, халқымыздың төл мә­де­ниеті­нің дамуына және басқа да салаларға (әскери, білім, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет, құқық қорғау, сот жүйесі және т.б.) өзіміздің ұлттық болмысымыз бен құндылығымыз­ға ба­сымдық бере отырып, өр­­кениетті озық елдердің ха­лық­аралық тәжірибесін еске­ріп, жаңа стандарттары­мызды әзірлеген дұрыс деп па­­йым­­даймыз. Азия мен Еуро­­паның түйіскен жерінде орна­лас­қан Қазақстанның геосая­си жағдайында егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақ­тап қалудың бірден-бір жо­лы осы. Мысалы, бір ға­на әс­ке­ри саланы алатын бол­сақ, мұн­да қарулы күш­тер­дің, бас­қа да әскерлер мен әс­ке­ри құ­рамалардың қа­ры­м-қа­тынастарын, ондағы жеке құрамды тәрбиелеу мен оқы­ту әдістерін, ішкі тәр­тіп­ті рег­ламенттейтін, сар­баз­дар­дың ұрыстағы іс-әре­кет­тері, коман­дирлердің әс­кер­лерді бас­қару тәсілдері мен мін­дет­тері көзделетін әс­ке­ри жарғы­лардың басым көп­шілігі сол баяғы Кеңес дәуі­рінен қалып қойған. Кеңес Одағы ыдырап, өз егемендігін алған елдердің барлығында осындай жағдай сақталып отыр, оның ішінде Ресей Федерациясы да бар.

Осы орайда атап айту керек, қазіргі кезде Әзербай­жан сияқты елдер өздерінің мем­лекеттік стандарттарын жасауда. Біз жоғарыда аталған елдермен бірге Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүшеміз. Дегенмен әлемдік жаһандану үрдісін, әсіресе соңғы кезде болып жатқан геосаяси жағдайларды ескеретін болсақ, онда біздің ешкімге ұқсамайтын төл мемлекеттік стандарттарымыз болғаны абзал. Өзге елдің стандартына ұқ­сас, мағыналас стандарт мем­лекетіміздің болашағы мен ұлт­тық қауіпсіздігіне өте қауіп­ті. Себебі бөтен елдің ық­па­лындағы стандарт сарбаздарымыздан бастап, жоғары лауа­зымды офицерлерге дейін олар­дың ойлау жүйесіне, психоло­гиясына теріс әсер етуі мүмкін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуел­­сіздік бәрінен қымбат» бағ­­дар­­ламалық мақаласында: «Жаһанд­ану кезінде ел жат жұрт­тың ықпалына бейсаналы түрде ілесіп кеткенін аң­ғар­майды. Басқаша айт­қан­да, мәжбүрліктен емес, сана­ның улануы арқылы өз ер­кі­мен торға түседі. Сон­дық­­тан жаңа заманның жақ­­сы-жаманын екшеп, ар­тық­шылықтарын бойға сіңірумен қатар, тамырымызды берік сақтауымыз қажет. Ұлттық болмысымыздан, төл мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізден ажырап қалмау – барлық өркениеттер мидай араласқан аласапыранда жұтылып кетпеудің бірден бір кепілі», деп атап көрсетті.

Жақында Сенатта өткен Парламенттік тыңдауда да осы мәселелер кеңінен тал­қы­­ланып, ұлттық құндылық­та­ры­мызды дәріптеудің ма­ңыз­дылығы айшықталып, қажет болған жағдайда тиісті заң жобасы әзірленетіні де аталып өтті. Біз ұлттық құнды­лық­­тарымызды дәріптеп қана қоймай, даму тарихы­мыз­ды негізге ала отырып, бү­гінгі өмірімізде қолдануға ла­йықты жаңаша көзқараспен әзір­ленген әрі заңды түрде бе­кі­­­тіл­ген стандарттар қа­лып­­тас­тыруға жете назар аудар­уға тиіс­піз деп ойлаймыз.

 

Мансұрхан МАХАМБЕТОВ,

Парламентаризм институтының директоры