Қазақстан • 11 Сәуір, 2021

Ұлттық үрдістер үзілмейді

957 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Өткен жылдар ішінде осы бағдарламаның институтционалдық қоры құрылып, бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы халықтың өткені мен бүгінін және болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын идеялық платформаға айналды.

Ұлттық үрдістер үзілмейді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының арнайы жобаларының мақсаты мен мін­детіне тұрғындардың назарын аударып, азаматтық белсенділіктің артуына ықпал етуге, өзекті мәселелерді шешуге қабілетті өзара толықтырушы іс-шара­лардан тұратын кешенді бағытталған нақты жобалар іске асырылуда. Былтыр Ақмола облысында біршама келелі істер атқарылып, жаңа бастамалар жол тапты. Нақты айтқанда, 800 мыңнан астам адамды қамтыған түрлі форматтағы 8 мыңдай іс-шара өткізілді. Ұлттық құндылықтың темірқазығы – руханият екені белгілі. Ал руханият – тарихпен, мәдениетпен, салт-дәстүрмен, әдебиетпен, әдеп-ғұрыппен, тәрбиемен өлшенеді.

Бүгінгі қоғамға заманауи және бола­шақ­­­ты жақсы түсінетін гуманитарлық бі­лік­­ті адамдар қажет. Осы орайда мектеп­тер­­­де 1200-ге жуық «Тегін IT-сынып­тар» ашы­­лып, облыс орталығында мектеп жа­сы­на дейінгі балалардан бастап студент жас­тарға дейін ғылымға бет бұруға мүм­кін­­дік беретін ІТ-технологиялар мен ин­но­ва­­ция­лық әдістемелерді үйлестіретін біре­гей алаң – «Болашақ сарайы» қолданысқа берілді.

Кез келген қарқынды даму үстіндегі мемлекеттің тамыры һәм діңгегі болу шарт. Яғни тамыры дегеніміз ұлттық құндылық болса, діңгегі, өзегі – ұлттық рух. Былтыр Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында Мұхтар Әуезов­тің «Абай жолы» ро­ман эпопеясын жастардың жаппай оқуы­на ықпал етіп, қазақтың бас ақыны арқылы олардың ұлттық құндылықтарға деген оң көзқа­расын қалыптастырып, шы­ғар­маны терең түсініп, өз ойларын қағаз бетіне еркін тү­сіруіне мүмкіндік беру мақсатында «Біз – Абай жолындамыз» байқауы жа­рия­ланып, елуге тарта жастар роман-эпопеяның алдыңғы екі кітабын оқып шығып, өз білімдерін көрсеткен болатын. Биыл «Абай жолы» романының 50 жылдығына орай осы байқау тағы да жарияланып, жастарды кейінгі екі кітапты оқуға ынталандыру жоспарланып отыр.

«Қаламгер қазынасы» жобасы­мен жер­гілікті жазу­шы­лар­дың шығарма­ла­ры­ның элек­трондық нұсқа­сы жасалып, жиыр­ма автордың шығар­малары аудио­кітап форматында шы­­ғарылып, оқыр­ман­ға әлеу­меттік желі ар­қылы таратылды. Жыл со­ңында Қазақстанның халық әр­тісі Жі­­бек Бағысованың өмірі мен шы­ға­р­ма­шылығына арналған «Өмірлік өнер мек­тебім» кітабы жарық көрсе, сәуір айын­да аты ұмыт болуға айналған Алаш қай­рат­кері туралы «Алаш арысы – Біләл Малдыбайұлы» және «Біләл Малды­бай­ұлы. Кенесары заманынан» атты екі кітапты жарыққа шығару жоспар­ла­нуда.

Заманауи ақпараттық-коммуникация жағ­дайында және жаһандану үрдісінде мәдени құндылықтарды экспорттау, оларды сақтау мен дамытудың неғұр­лым тиімді жолы болып табылады. «Жа­һан­дағы заманауи қазақстандық мә­де­ниет» арнайы жобасы аясында об­лыс­тың шығармашылық ұжымдары әлем­дегі пандемияға қарамастан онлайн режимде Аустрия, Италия, Польша, Ресей, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және басқа да көптеген елдерде халықаралық бай­қауларға қатысып, жүлделі болды. Облыстық басқармалар мен аудандық, қалалық әкімдіктердің қолдауымен кең­се тарапынан облыс көлемінде ұйым­дастырылып өткізілетін «Мен елімді сүйемін!», «Күй – өнер, өнер – өнеге», «Су күлкісі сылдырлаған», «Ертегі елінде...» «Бабалар рухы – балаларға», «Батаменен ел көгерер...», «Қозы менен Баяндай!», «Серінің сертке тартқан семсеріндей» байқаулары мен көпшілік шаралары есі кірген бала мен еңкейген қартқа дейін «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен қамтылуын мақсат тұтады.

«Туған жер» арнайы жобасы аясында облыста 6,2 миллиард теңгеге 1121 әлеуметтік бастама жүзеге асырылды. 900 меценаттың көмегімен 37 нысан жаңадан салынып, 38 нысан қайта жөндеуден өтті. Бұлар мектеп, балабақша, медициналық мекеме, мәдениет нысаны, спорт алаңы, жас мамандарға салынған баспана сияқты әлеуметтік маңызы бар нысандар.

«Ауыл – ел бесігі» жобасының тиім­ділігі, «киелі орындардың насихатталуы, «Ұлы Даланың ұлы есімдерінің» ұлық­талуы, білім, мәдениет, туризм сала­сын­да атқарылып жатқан жұмыстар, тың жоба­лар, халықаралық ғылыми кон­фе­рен­циялар, республикалық ақын­дар мүшәйрасы, айтыстар, дәстүрлі әнші­лер­дің, театрлардың фестивалі, кітап­тар­дың жарыққа шығуы, ескі тарихи жәді­гер­лердің табылуы – бұнын барлығы қоғам­дық сананың жаңғыруы.

 Заман талабы жаңарып жатқандықтан, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жыл өткен сайын құрылымы өзгеріп, оны жүзеге асыру үшін жаңа талаптардың пайда болуы заңдылық. Жастардың, өскелең ұрпақтың жаңашылдыққа құмар екені белгілі. Өскелең ұрпақтың ұлттық рухты, ар-ұятты, намысты, әдепті ішкі жан-дүниенің темірқазығына айналдыруы үшін мақсатты түрде әрекет ету қажет. Осы мақсатпен өңірлік жобалық кеңсе тарапынан құрылған «Замандас», «Он дерек», «Ізгілердің ізімен», «Сіз білесіз бе?», «Ақмола облысының таланттары», «Жақсылардың көңілі алтын сандық», «Ұяда не көрсең...» жобалары былтырдан бері тұрақты түрде әлеуметтік желіде жарияланып келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­­тың «Тәуелсіздік бәрінен қым­­бат» мақаласында айтқанындай ғасыр­­лар қойнауынан бастау алып, тіршілік атаулының жаңаруы идеясына негізделген, сондай-ақ тойлану дәстүрі қалыптасқан мереке – Наурыз мейрамының идеологиялық әле­уеті орасан зор. Бүгінде Наурыз – жал­пы­­ұлт­тық бірлік мерекесі, табиғатты ая­лау, жақсылық пен қайырымдылық жа­сау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсе­ті­ле­тін ізгілік мерекесі болып отыр. Осы орай­­да кеңсе тарапынан жасалған «Жеті ата», «Қара шаңырақ», «Ырыздық», «Бет­а­шар», «Жиенқұйрық», «Бәсіре», «Аша­май», «Киіз басу», «Береке» тақы­рып­­­­тарындағы бейнебаяндар рухани көк­жие­­­гі­мізді кеңейте түсері сөзсіз. Қоғам та­ра­­пы­нан мақсатты материалдарға деген қы­­зы­ғу­­шылық та жыл санап артып келеді, өйт­кені был­тыр кеңсенің ресми парақша­сы­на тіркелген жазылушылардың саны бір мыңның төңірегінде болса, биыл он мыңға жетті.

Облыста туризмді дамытып, көрікті жер­лерін, тарихи орындарын кино саласында насихаттау мақсатында «Бурабай аспа­ны» жобасы аясында ұлттық құнды­лық­тарды дәріптейтін, ұлтаралық тат­у­лықты нығайтатын, мемлекеттік тілдің мәрте­бесін көтеретін «Балықшылар», «Пас­порт», «Мұңайма, клоун» және «Те­ра­пия» атты қысқаметражды фильмдер қазақ, орыс, ағылшын тілінде түсіріліп, көрерменге жол тартты. Өңірлік кеңсе тарапынан жыл қорытындысы бойынша атқарылған жұмысты саралай келіп, бағдарламаның арнайы жобалары бо­йынша өткізілген қомақты шаралардың ба­сын қосып «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы – жаңа қырынан» атты деректі-ақпараттық фильм жасалды.

Сонымен қатар, жыл бойы облыс­та «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында игерілген әдіс-тәсілдер мен жинақталған тәжірибелерді қалыптастыру және тарату мақсатында Өңірлік жобалық кеңсе ағымдағы жылда іске асырылған жобалар бойынша 50 беттік әдістемелік жинақ әзірлеп шы­ғарды. Үш жылдан бері қоғамның әр саласын қамтыған «Рухани Ақмола» журналы жарық көруде.

Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Ұлттық жаңғыру кезеңіне өтіп, жұмысты ілгерілету мақсатында Жол картасы даяр­ланды. Онда қоғамдық сананы жаң­ғыртуға, ұлт сапасын арттыруға, ұрпақ­тар сабақтастығын қалыптастыруға бағыт­талған келелі жобалар топтастырылды. Бағдар­лама көп жылға жоспарланған, нәти­желі жұмысты талап ететін нақты бағыт-бағ­дар, ұстаным. Қазіргі таңда негізгі үш бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде. Бірін­шісі – тұлғаны дамыту, екіншісі – ұлт­тың дамуы, халықаралық позициялау, ал үшін­шісі – мемлекет, азаматтық қоғам және жер­гілікті қоғамдастықтарды дамыту. Ен­дігі уақытта бағдарлама халықтың ру­ха­ни ізденісінің барометрі болу керек. Себебі бұл біз үшін де, болашақ үшін де аса қа­жетті дүние. Яғни қоғамдық са­на­­ны жаңғыртуға бағытталған жүйелі жұ­­мыс­т­ың нәтижесі – білімді, бәсекеге қа­бі­­­летті, елжанды, ұлтжанды, ана тілін ар­дақ­­тайтын, әдебиеті мен мәдениетін құр­­мет тұтатын, тарихын тани білетін, жан-жақты саналы азамат болмақ. Бұл кешенді тәсіл барлық мемлекеттік және қоғамдық өзгерістердің трендіне, әрбір қазақстандықтың өмірлік мақсатына айналуы тиіс.

Марал ЖАҚЫПОВА,

Ақмола облыстық «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалау кеңсесінің басшысы