Экономика • 20 Сәуір, 2021

Көп көлемде айыппұл салынды

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан және ЕАЭО заңнамаларында белгіленген каран­тиндік талаптар бұзылғаны үшін 8 мың тоннадан астам өнім экспорттаушы елдерге кері қайтарылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті хабарлады.

Көп көлемде айыппұл салынды

Биылғы үш айдың қоры­тын­­дысы бойынша елімізге әке­лін­ген жоғарғы тәуекелдегі фито­санитариялық карантиндік өнімге қарасты тексеріс нәти­жесінде 800-ден астам заң бұзу­шылық анықталған. Оның ішінде 110 факт карантиндік объектілер ретінде тіркелген болса, 500-ден астамында тиісті құжаттары сәйкес келмеген немесе мүлдем жоқ болып шыққан. Осыған қарай, Қазақстан және ЕАЭО заңнамасында бел­гі­лен­ген карантиндік талап­тар­дың бұзылуына байланыс­ты экспорттаушы елдерге 8 мың­нан астам тонна өнім кері қай­тарылды. Қайтарылуға жат­қыз­ылған өнімнің көлемі бо­йын­ша экспорттаушы елдер көшін Қытай (6022,2 тонна) мен Ресей Федерациясы (1136,2 тонна) бас­тап тұр. Одан бөлек Өзбекстан (439,2 тонна), Қырғызстан (307,4 тонна), Әзербайжан (303,6 тонна), Иран (243 тонна) және Түрікменстан (212,5 тонна) елдері де бар.

Қайтарылған өнімдердің ба­сым көпшілігінде қызанақ, бұ­рыш және арпа өнімдері бол­ған. Онда қызанақ жеміс­тері­­нің қоңыр әжім вирусы, арам­сояу, батыс гүл трипсі, Комс­ток құрты және тағы да басқа ка­рантиндік объектілер анық­талды.

Айта кетелік, талаптарды бұзған тараптар әкімшілік жауап­­кер­шілікке тартылып, 37 млн теңг­еге жуық айыппұл салынды.