«2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында 686 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Штат саны – 7853 бірлік. Нақты саны – 6799. Бос орындар саны – 1054 немесе 13,4%. Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 42 жас. Зейнеткерлік жасы алдындағы мемлекеттік қызметшілер саны – 192. Келісімшартпен жұмыс істейтін зейнеткерлер саны – 46. Салада 47 мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының 64% әйелдер құрайды, оның ішінде 755 әйел басшылық қызмет атқарады. Мемлекеттік қызметшілердің 87% жоғары білімі бар, 76 қызметшінің шетелдік білімі бар (Болашақ бағдарламасын есептемегенде). 11 мемлекеттік қызметшінің ғылыми дәрежесі бар, оның ішінде 2 – ғылым докторы және 9 – ғылым кандидаты. Мемлекеттік органдарда ҚР МБА 13 түлегі, «Болашақ» бағдарламасының 4 түлегі жұмыс істейді. Облыстың мемлекеттік органдарында 18 ұлт өкілдері жұмыс істейді, оның ішінде 88% – қазақ, 11% – орыс және 1% – басқа ұлт өкілдері», дейді Нұрлан Еркебаев.
Департамент басшының сөзіне сүйенсек, 2021 жылдың 1 тоқсанында 576 бос орынға (ішкі конкурс – 234, жалпы конкурс – 342) конкурс жарияланып, оған 510 үміткер қатысқан. Қорытындысы бойынша 290 бос лауазымға (ішкі конкурста – 99, жалпы конкурста – 191) жеңімпаздар ұсынылған. 50% лауазым толтырылмаған. Ішкі конкурстармен жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалғандардың үлесі – 70% құраса, бақылаушылардың қатысуымен өткізілген конкурстардың үлесі 100% көрсеткішті құраған. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында оқуға жоспарланған 459 мемлекеттік қызметші оқытылып, оның ішінде 102 қызметші қайта даярлау, 357 біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Сондай-ақ, осы мерзімде 16 мемлекеттік қызметші тағылымдамадан өтті.
«Облыс аумағында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіміне сәйкес 400 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі беріледі. Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында 3 970 013 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі берілді. Оның 95%-ы электронды түрде, 3,9%-ы ХҚКО арқылы, 1,1%-ы мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің кеңселері арқылы берілді. 2021 жылдың 1 тоқсанында 8 бақылау шаралары өткізілді, оның 5-і профилактикалық бақылау, 3-і жоспардан тыс тексерулер. Барлығы 66 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер заңнамасын бұзушылықтар анықталды. Бұзушылықтардың басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 34, мүлік және зияткерлік меншік құқығы 16 салаларында анықталды. Сондай-ақ, есептік кезеңде Әкімшілік кодекстің 465-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2 хаттама жасалды. Оларды қарау нәтижесінде жалпы сомасы 87 510 теңге айыппұл салынды, олар толық көлемде мемлекет кірісіне өндірілді. Бақылау және өзге де шаралардың нәтижесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің 1 тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», дейді Нұрлан Еркебаев.
Эфир соңында, Департамент басшысы І тоқсанда Әдеп жөніндегі кеңестің 2 отырысы өткізілгенін және онда 18 мәселе қаралғанын атап өтті. Қарау нәтижелері бойынша 80 ұсыныс берілген. Оның ішінде: профилактикалық сипаттағы – 76, тәртіптік істер – 4. Аталған ұсыныстардың барлығы 100% орындалғанын жеткізді.