Театр • 06 Мамыр, 2021

Музыкалы мамыр

130 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Астана Опера» театры елорда тұрғындары мен қонақтарына мамырдағы шуақты мерекеге арналған мазмұнды концерттік бағдарламалар, айшықты қойылымдар, вокалдық әрі аспаптық музыканың таңғажайып кештерін ұсынып отыр.

Музыкалы мамыр

Ұлы Жеңіс күні – 9 мамырда күндізгі 15:00-де көрермендерге «Естелік әрі даңқты әндер» атты сырлы сазға толы концерт өтеді. Онда опера солистері, хор әртістері мен оркестрдің орындауында қазақ, орыс және батыс еуропалық классиканың озық үлгілері мен соғыс жылдарындағы танымал әндер орындалады. Ал 11 мамырда сағат 19:00-де бірегей өнер ордасында алғаш рет «Моцарт. Классика салтанаты» деген керемет кеште Вольфганг Амадей Моцарттың концерттік симфониялары театрдың аспапшы со­листері мен Камералық оркестрінің орындауында шырқалады.

Сондай-ақ 14 мамырда сағат 19:00-де Qazaq Quintet үрлемелі ағаш аспаптар квинтеті мен басқа да танымал қазақстандық музыканттар Аспаптық премьералар кешін ұсынады. Оның аясында неміс ком­позиторларының екі ірі камералық шығармасы – веналық классик Людвиг ван Бетховеннің кларнет, валторна, фагот, скрипка, альт, виолончель және контрабасқа арналған сеп­теті, ми-бемоль мажор және Людвиг Тюйенің фортепиа­но мен си-бемоль мажор орындалады. 15 мамыр күні 18:00-де «Романс тарихы» топтамасынан «Үдере көшкен ақ бұлттар...» атты кеш болады.

19 мамырда кешкі 19:00-де «Астана Опера» каме­ралық хоры, опера солистері мен оркестр әртістерінің қатысуымен көрнекті композитор, дирижер, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Қапан Мусиннің 100 жыл­дық мерейтойына орай «Сайра, бұлбұл» атты сазды кеш өтеді. Сонымен бірге жұртшылық 23 мамыр­да күндізгі 15:00-де «Ала­қай, демалыс!» топтамасынан «Өнерлі жастар тартуы» мен 27 мамырда 19:00-де Next Generation концертін көресіз. 28 мамырда 19:00-де «Астана Опера» ор­кестрінің әртістері ХХ ға­сырдың ең көрнекті ком­позиторларының бірі С.Про­кофьевтің 130 жыл­дығына арнап «Прокофьевке тарту» камералық музыка кон­цертін ұсынады. Ал 30 мамырда сағат 18:00-де «Му­зыка құдайы қо­ныс­танған opus...» атты му­зы­калық кешті тамашалайсыз.