Ауа райы • 10 Мамыр, 2021

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

1022 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидрометтің» баспасөз қызметі мамырдың 10-ны күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн құбылмалы болады. Елдің солтүстік, орталық бөлігінің кей жерлерінде жаңбыр жаңбыр жауып, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында нөсер жауын жауады.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, найзағай ойнап, жел күшейеді, дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 метрге дейін күшейеді, кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде Ақмола облысында жел тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, күндіз 15-20, кей жерлерінде екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, найзағай ойнап, тұман басады. Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрады.

Ал Алматы, Түркістан, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-22 метрге жетеді.