Аймақтар • 13 Мамыр, 2021

Зайсанда белгісіз аурудан мал қырылып жатыр

543 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданында белгісіз індеттен уақ мал мен ірі қара баудай түсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зайсанда белгісіз аурудан мал қырылып жатыр

Аудан тұрғындарының айтуынша, бұл жағдай сәуірдің аяғында басталған. Содан бері Шілікті, Жалши, Қарасай ауылдары мен жеке шаруашылықтарда шығын көп. Шілікті ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде 100 бастан астам қозы қырылып қалған.

Алдымен малдың ауыз және мұрын қуысындағы шырышты қабатына жара шығып, кейін аяғын баса алмай қалатын көрінеді. Ақыры шөп жеуден де қалады. Ветеринарлар бірнеше рет келіп, сараптама алған. Алайда нәтижесі дайын емес.

«Жаңадан өлген бұзаулар мен қозылардан сынама алынып, материалдар облыстық зертханаға жеткізіледі, сонымен қорытынды шығарылады, әзірге алдын ала қорытынды бойынша ешқандай қауіпті жұқпалы ауру жоқ, алайда күтімсіздіктен, арықтықтан шығын бар. Мал өте арық, сол себепті көкке жаңадан мал ауызы тисе сала, организмде зат алмау процесі бұзылу негізінде осыған әкеп соғады», деді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ертай Батхолдин.