Ауыл әкімі Дидар Есмұхановтың айтуынша, Жанбай ауылының іргетасы 1930 жылы қаланыпты. Сол кезде бірнеше колхоз балықшылары Каспий теңізінен балық аулап, ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге үлес қосқан. Жақында осы ауылда браконьерлердің «барымтасына» түсіп, қоры азайған бағалы бекіре балығына арнайы белгі қойылды.
– Сәулет нысаны ауылдық округ әкімдігінің тапсырысымен бой көтерді. Бекіре мүсініне қоса, төрт тақта орнатылды. Әр тақтада Нарын құмы, ашаршылық кезінде тұрғындардың аман қалуына септігі тиген құмаршық өсімдігі, ауыл шаруашылығы саласының көріністері мен мұнай өндірісі бейнеленді. Бұл – ауылымыздың өткен тарихынан сыр шертетін белгі, – дейді Дидар Есмұханов.
Атырау облысы