– Тұрақта тұрған үш көліктің астынан құстың үш ұясы табылды. Компанияның биоалуантүрлілікті басқару жобасына сәйкес орнитолог тексеру жүргізді. Бір ұяда инкубацияның белсенді сатысы бары анықталды. Көліктер балапандар қанаттанып, ұядан ұшып кеткенге дейін жұмысқа қосылмайды. Бұған кем дегенде 14 күн қажет, – деп мәлім етті «Теңізшевройл» компаниясының баспасөз қызметі.
Енді орнитолог құс ұясын жұмыртқа басу аяқталғанша апта сайын тексереді. Екі ұядан құс жұмыртқасы табылған жоқ.
Атырау облысы