Аймақтар • 19 Мамыр, 2021

Атырауда Каспий жағалауындағы қамыс өртеніп жатыр

18214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 19 мамырда түс мезгілінде теңіз жағалауындағы қамыстың өртенгені анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда Каспий жағалауындағы қамыс өртеніп жатыр

«Теңіз жағалауындағы қамыс өртін барлау үшін сағат 16:00-де «Казавиақұтқару» АҚ  батыс өңірлік филиалының «МИ-8 МТВ» тікұшағымен әуеден барлау жүргізілді. Барлау кезінде Кеңөзек ауылдық округіне қарасты Тасқала ауылынан шамамен 40 шақырым қашықта, Каспий теңізінің жағалауындағы қамыстың өртенгені анықталды. Теңіз жағалауындағы батпақты жерде шамамен 32 гектараумақтың құрғақ шөбі мен қамыс жанған. Сондай-ақ, 10,6 гектар аумақтағы 5  өрт ошағы анықталып, тікұшақпен әуеден бірнеше рет су төгілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір қамыс өртінің таралмауын қадағалау үшін 2 өрт сөндіру автокөлігімен кезекшілік ұйымдастырылып отыр. Ал, ертең 20 мамырда өртті сөндіруге арнайы мамандар мен техникалар жұмылдырылады.