Үкімет • 20 Мамыр, 2021

Онлайн-қабылдау өткізді

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Nur Otan партиясының республикалық қоғамдық қабылдау алаңында азаматтарды онлайн қабылдады.

 

Онлайн-қабылдау өткізді

Іс-шара барысында Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының тұрғындарынан бірқатар сұрақ түсті. Министрдің атына келген сұрақтардың басым бөлігі тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі мәселесіне қатысты болды.

Мәселен, елорда тұрғыны өз үйінің ауласында шлагбаум орнатудың қаншалықты заңды екендігін сұрады. Өз кезегінде Юрий Ильин Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті қызметкерлеріне өтініш берушімен кездесіп, тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. 

Сонымен қатар қазақстандықтар ТЖМ аумақтық бөлімшелеріне биылғы су тасқыны кезеңінде атқарған жұмысына алғыстарын білдірді.

Қабылдау соңында ведомство басшысы ТЖМ жауапты қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берді және барлық азаматтың өтініштері жауапсыз қалмайтынын мәлімдеді.