Білім • 21 Мамыр, 2021

2021 жылдың ең үздік командасы

581 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің командасы «Үздік олимпиадалық команда - 2021» аталымында I орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2021 жылдың ең үздік командасы

Биыл республикалық олимпиада 25-30 сәуір аралығында өткен болатын. NIS оқушылары еліміз бойынша жалпы саны 86 медаль жеңіп алды. Жоғары көрсеткіштердің арқасында бірден бірнеше Зияткерлік мектеп республиканың үздік олимпиадалық мектептерінің қатарына енді.
1

Олардың қатарында I орын иеленген Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS, II орын алған Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS және де III орын иеленген Ақтөбедегі физика-математика бағытындағы NIS, Қарағандыдағы химия-биология бағытындағы NIS, Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS командасы бар.