Қоғам • 21 Мамыр, 2021

Көкшетауда 4 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетауда үйінде ағасымен бірге қалған төрт жасар бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкшетауда 4 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті

20 мамырда екінші қабаттың терезесінен баланың құлап кеткені туралы хабарлама түсті.

«Төрт жасар бала 10 жасар ағасымен үйде жалғыз қалған. Осы кезде ата-анасы емханаға кеткен. Үлкен ағасы жуыну бөлмесінде болған кезде, бала өздігінен терезеге көтеріліп, байқаусызда терезеден құлап кеткен. Құлаған баланың жағдайы тұрақты, дене сынықтары мен жарақаттары жоқ», деп атап өтті ведомстводан.