«АМӨЗ» ЖШС баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, «Спутник V» вакцинасын салдырғандар зауыт пен мердігер мекемелер қызметкерлерінің шамамен 30 пайызын құрап отыр. Сондай-ақ 160 қызметкер вакцинаның ІІ компонентін алыпты.
«Мен үнемі жұмыста боламын. Кәсіпорынның инженерлік-техникалық құрамымен, мердігер мекемелердің қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс істеймін. Сондықтан COVID-19 инфекциясына қарсы екпе салдырдым. Жаппай вакциналау ғана қауіпті вирустың таралуын тоқтатады. Вакцина жақындарымыздың денсаулығы мен өз қауіпсіздігімізге алаңдамай, қалыпты жұмыс кестесіне оралуға көмектесетініне сенемін» , дейді мұнайды терең өңдеу өндірісінің бастығы Абат Әбілхайыров.