Өнер • 01 Маусым, 2021

Жаңа кітаппен толықты

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шара аясында Елбасы кітапханасына «Отыз. Халық тағдыры – ел тарихы» фотоальбомы сыйға тартылды.

Жаңа кітаппен толықты

Басылымда тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі уақытқа дейінгі сирек кездесетін әрі бірегей архивтік фотосуреттер жинақталып, отыз жылдағы ең көрнекті оқиғалардың кадрлары топтастырылған. Іс-шараға Елбасының әріптесі, мемлекет қайраткері, тәуелсіз Қазақстанның бірінші Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов, белгілі композитор және қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, жеңіл атлет, Олимпиада және әлем чемпионы Ольга Шишигина қатысты.

– Сіздер – егемен елде туған ең бақытты тәуелсіздік құрдастарысыздар. Елбасы 2019 жылы өз өкілеттілігін тоқтатқан кезде және «Жастар жылының» ашылуында: «Дербес Қазақстанның ең басты жетістігі – жаңа тәуелсіз ұрпақ», деген болатын. Осы қанатты сөзді үндестірген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аға буынның міндеті – тәуелсіз елдің креативті, білімді, ақылды, табысты ұрпағы бізді күллі әлемге танытуы үшін барлық жағдайды жасау керектігін айтты, – деді Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова.

Кездесу барысында «Отыз. Халық тағдыры – ел тарихы» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті.