Аймақтар • 01 Маусым, 2021

Атырауда түн ортасында ата-анасы баласын жалғыз қалдырған

1218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үйінде жалғыз қалған бес жасар бала түн ортасында балконға шығып, жылап тұрған, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда түн ортасында ата-анасы баласын жалғыз қалдырған

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне түнгі сағат 02:53-те хабар беріліпті.

«Жедел құтқару жасағының құтқарушылары Атырау қаласының Авангард-3 шағын ауданындағы №38 үйдің балконында 5 жасар бала жылап тұрғанын анықтады.

Бес жасар баланы ата-анасы үйде қараусыз қалдырған. Балконға өрт сөндіруге арналған автосатымен көтерілген жасақ құтқарушылары баланы құтқарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Кейіннен анасы баласын үйіне алып кеткені белгілі болды.