Оқыс оқиға 1 маусым күні кешкі сағат 20:30 шамасында орын алған. Үй алдындағы уақытша баспананың кіреберіс бөлмесінде 27 литрлік газ баллоны жарылған.
«Оқиға барысында үйдің иесі 55 жастағы әйел адамның денесінің 80 пайызын, алты жасар қыз баланың денесінің 50 пайызын күйік шалған. Олар Жаңақорған аудандық ауруханасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», деп мәлімдеді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданына қарасты Қожакент елді мекенінде газ баллоны жарылып, екі адамды күйік шалды, деп хабарлады Egemen.kz.
«AMANAT»-та «Ұлы дала» әдеби байқауы қорытындыланды
Руханият • Кеше
Деректер журналистикасы бойынша оқу курсының таныстырылымы өтті
Аймақтар • Кеше
«Egemen» де, домбыра да сыйлады
Руханият • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты
Президент • Кеше