Аймақтар • 06 Маусым, 2021

Масаң күйде көлік басқарған

612 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жарма ауданында өткізіліп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Масаң күйде көлік басқарған

Жарма ауданында өткізіліп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде жармалық полицейлер «Опель» маркалы автокөлігін басқарып келе жатқан Қалбатау ауылының тұрғынын тоқтатқан.

Анықталғандай, жүргізуші есірткі қабылдап, масаң күйде болған.

Тексеру кезінде азамат бұрын автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін Жарма аудандық сотының шешімімен 3 жылға  көлік құралын басқару  құқығынан айырылған. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің  346-бабы 1 бөлігімен  ( Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру)  сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Күдікті Жарма АПБ-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.