Аймақтар • 08 Маусым, 2021

Қостанай – «жасыл аймақта»

643 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы «сары аймақтан» шығып, «жасыл аймаққа» көшті. Өңірлік жедел штабтың мәліметінше, облыстың 6 маусымдағы эпидемиялық жағдайы тұрақты. Соған қарамастан, аймақта соңғы тәуліктің ішінде 37 адам вирус жұқтырған.

Қостанай – «жасыл аймақта»

Сырқаттардың көбі Қос­та­най қаласында тірке­ліп отыр. Ал Рудный, Арқа­лық, Лисаков қалалары мен Б.Майлин, Қос­танай, Әулие­көл, Қарасу аудандарында бір-екі адамнан ғана вирус анық­талды.

Апта соңында облыс­тық ден­­саулық сақтау бас­­­­­қарма­сының өкілдері өңір тұрғын­дарының екпеге бел­сенді қатыса бас­тағанын атап өтті. Иммундау кезеңі басталғалы облыста 130 мың­ға жуық адам вакцина қа­былдаса, оның жартысынан ас­та­­мы екпенің бірінші, ал
41 348 адам екінші компо­нен­тін қабыл­даған.

Бүгінге дейін вакцина қа­был­дағандардың алдыңғы легінде медицина саласының қызметкерлері мен полицейлер тұр. Мұғалімдер мен ұлттық халық санағын өткізуге атсалы­сатын интервьюерлер содан кейінгі орында келеді. Об­­лыс­та екпе қабылдағаннан кейін бол­ған келеңсіз оқиғалар тір­кел­­ген жоқ.

Облыстық денсаулық сақ­тау басқармасының өкіл­дері бүгінге дейін аймаққа 190 мыңға жуық вакцина дозасы әкелінгенін мәлімдеді. Өңір тұрғындары негізінен отандық QazCovid-in, Ре­сейдің «Гам-КОВИД-Вак» және арабтың «Хаяк-Вак» вак­цинасын ектіріп жатыр.

 

Қостанай облысы