Руханият • 08 Маусым, 2021

Ұлттық құндылық – тәрбие өзегі

2769 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты ма­қаласында: «Біз жат идео­ло­гиялардың әсері туралы айт­­қанда, олардың артында бас­қа халықтардың белгілі бір құн­­дылықтары мен мәдени сим­вол­дары тұрғанын есте ұста­­уымыз керек. Тиісінше, олар­­ға өзіміздің ұлттық құнды­лық­тарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз» деген болатын.

 

Ұлттық құндылық – тәрбие өзегі

Жоғарыда Нұрсұлтан Әбішұлы айтқан ұлттық құндылық ұлттық тәр­бие арқылы қалыптасары анық. Осы орайда, «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму инс­титуты ұлттық құн­дылықты қалып­тастыруға байла­нысты тұжырым­дама әзірлеуде. Осын­дағы басым бағыт­тың бірі – мeк­тeпкe дeйiн жәнe мeктeп жacын­дaғы жасөспірімдерді pухa­ни-aдaм­гep­шi­лiкке тәрбиелеу ісі қолға алынуда.

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты КеАҚ «Ру­ха­ни жаңғыру» орталығының басшысы Жанар Боқанованың пікірінше, ұлттық құндылықтарымызды ұлт бо­лашағының негізгі діңгегі ету «Ру­хани жаңғыру» бағдарламасының бас­ты өзегі екен. Өйткені халқы­мыз­да үлкенге құрмет, кішіге ізет, сы­пайылық, қарапайымдылық, бейбіт қа­рым-қатынас, жауапкершілік, қо­нақ­жайлылық сынды қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан мызғымас тәрбие негіздері екені анық.

Өкінішке қарай, қазіргі таңда заманауи жаһандық тәрбие үлгілері біздің ұлттық тәрбиемізге тікелей әсер етуде. Оның кері салдары да бар­шылық. Мысалы, өткен жылдың қаң­тар мен маусым айлары аралағында 45 036 неке тіркелсе оның 12 747-сі­
ажырасқан. Яғни елімізде әрбір үшін­ші отбасының некесі бұзылуда.

Оның сыртында бүгінгі панде­мия­лық ахуал бүкіл әлемде құндылықтар алмасуына әсер етіп отыр. Бұл өзге­рістен еліміз сырт қалмайтыны шын. Осыған байланысты, 2021 жылы Ulttyq tárbıe идеологиялық платфор­масы бойынша ақпараттық және әдіс­темелік материалдар кешенін әзірлеу жұмыстары басталды.

Аталған жобаның мақсаты – ұлт­­тық құндылықтарды сақтай отырып, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, адамгершілік тұрғысынан кемелденген тұлғаны қалыптастыру.

«Рухани жаңғыру» Қазақстан­дық қоғамдық даму институты ма­мандарының айтуынша, жоғарыдағы жоба аясында отбасында үйлесімді қарым-қатынасты насихаттауға ба­ғыт­талған педагогика және психоло­гия саласында тәжірибелі мамандар­дың қатысуымен бейнедәрістер тү­сіру, отбасылық құндылықтар туралы бей­­нероликтер тарату, мемлекеттік қол­­­дау жүйесін халыққа түсіндіруге ба­­ғытталған бейнероликтер әзірлеу көзделген көрінеді.

Сонымен қатар жастар арасын­да ұлттық салт-дәстүрлерді дәріп­теу үшін сыныптан тыс іс-шаралар сценарийлерінің, театрлық қойылым­дардың, танымдық квесттердің және Dästür start зияткерлік ойындары­ның электронды брошюрасын әзірлеу, ата-аналарға арналған «Баланы еңбек­қорлыққа қалай тәрбиелейміз?» атты қалта нұсқаулығын дайындау, 5-7 сынып оқушыларына арналған «Туған елің – Қазақстанды жақсы білесің бе?» атты республикалық балалар оқу­лары байқауын, оқулықтар мен квест ойындарын ұйымдастыру шарасы қолға алынып отыр екен.

«Жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беруде Абайдың «толық адам» ілімін үйретудің маңызы зор. Себебі әрбір адамның рухани жетілуінің бірден-бір түйіні осы ілімде жатыр. Оның мәні – сүйіспеншілік, ізгі­лік, қайырымдылық, имандылық әре­кеттер, өмірдің мәнін ұғыну, өмір­лік мақсат қою және жалпы адам­гершілік қасиеттерді адам бойын­да жетілдіру болып табылады. Шын­дап келгенде, «Толық адам» тұжырымдамасы өміріміздің кез келген сала­сының, мемлекетті басқару мен білім жүйе­сінің, бизнес пен отбасы инсти­тут­тарының негізгі тұғырына айналуы керек», дейді «Рухани жаңғыру» орта­лығының басшысы.