Медицина • 08 Маусым, 2021

Медициналық сақтандыру бойынша тегін оңалтудан өтеміз

500 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

2021 жылдың басынан бастап күндізгі және тәуліктік стационарларда 437 мыңнан астам пациент оңалту емінен өтті. Амбулаториялық деңгейде 1,5 млн-ға жуық оңалту қызметі көрсетілді. Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қорында атап өтілгендей, МӘМС жүйесі арқылы биыл оңалтуды қар­жыландыру 2019 жылмен салыстырғанда 9 есеге – 55,8 млрд теңгеге дейін ұл­ғайды. 4 ай ішінде Қор 14 млрд теңгеден астам сомаға оңалту қызметтерінің ақысын төледі.

Медициналық сақтандыру бойынша  тегін оңалтудан өтеміз

Медициналық оңалтудың маңызды­лығы зор екенін атап өткен жөн. Жарақат пен созылмалы аурулардан кейін адам әдеттегі ырғағына және өмір салтына оралып, жоғалған қабілеттерін қалпына келтіруі керек. Кейде адамдар қымбат және қолжетімсіз деп қате ойлайды, емдеудің осы кезеңдерін елемейді. Әлеу­меттік медициналық сақтандыру қорында медициналық оңалту кімге көрсетілгені және оны МӘМС жүйесінде қалай тегін өту керектігі туралы айтылды.

Медициналық оңалту кімге тиесілі?

Науқас бірнеше жағдайда медицина­лық оңалтуды ала алады:

- негізгі немесе созылмалы ауруды ем­деуде;

- қатты ауырсынудан кейін;

- хирургиялық араласулардан кейін;

- жарақаттан кейін;

- адамның өмірлік белсенділігін шектейтін жағдайларда.

Медициналық оңалту қай кезде тегін көрсетіледі?

Қалпына келтіру шараларын ақысыз негізде өтуге болады:

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде – негізгі ауруды, сондай-ақ туберкулезбен ауыратындарды емдеу кезінде;

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (МӘМС) – аурулар мен проблемалардың халықаралық жіктемесі бойынша аурулар тізбесіне сәйкес (https://mkb-10.com/).

Алғаш рет оңалтудан өту үшін қайда жүгіну керек?

  1. Медициналық көмектің кез келген түрін алу сияқты, оңалту қызметтерінен өту үшін тіркелген жері бойынша емханаға учаскелік дәрігерге жүгіну қажет.

2.Ем­деуші дәрігер дәрі­гер-реаби­ли­толог­қа немесе мамандар­дың муль­тидисциплинарлық тобына кон­суль­­тацияға жібереді.

  1. Олар жүгінушінің жағдайын зерт­тейді, аурудың барысын ескере отырып, жоспарланған оңалтудың қажеттілігі мен тиімділігін бағалайды, алғашқы оңалту диагнозын қалыптас­тырады, қалпына келтіру жоспарын, курстың ұзақтығын және т.б. анық­тайды. Мұның барлығы аурулардың халық­аралық жіктелуі (МКБ10) тізімі негізінде жүргізіледі.
  2. Оңалту курсын амбулаториялық, стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда, үйде және санаторий-курорттық ұйымдарда өту үшін оның әлеуетті тиімділігі кезінде тағайындау. Бұл ретте пациент жоспарлы тәртіппен «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы арқылы стационарға ресімделеді.

Медициналық оңалтуға қарсы көрсеткіштер:

- қан кету;

- фебрильді немесе субфебрильді температура;

- өткір жұқпалы аурулар;

- жедел остеомиелит;

- терең тамыр тромбозы бар;

- жүрек жеткіліксіздігін емдеу;

- ұстама кезеңіндегі эпилепсия;

- қатерлі ісіктердің, туберкулездің, қант диабетінің, тиреотоксикоздың, бауыр­дың, ұйқы безінің III дәрежелі функ­ционалдық жеткіліксіздігінің, же­ке басының десоциализациясы бар пси­хикалық аурулардың, эмоциялар мен мінез-құлықтың бұзылуымен, іріңді және жұқ­палы тері ауруларының, 2-3 дәрежелі ане­мияның, 3 дәрежелі дистрофияның болуы.

Жоғарыда аталғандардың бір немесе бірнеше белгілерінің болуы оңалтудан бас тартудың себептері болып саналады.

Пациентті оңалту өз бастамасы бо­йынша немесе дәрігердің ұсынысы бо­йынша тоқтатылуы мүмкін, мысалы, егер науқастың жағдайы нашарласа немесе оның негізгі немесе қатар жүретін ауруының асқынуы болса.

Медициналық оңалту үш кезеңнен тұрады:

Біріншісі, аурудың жіті және жіті­леу кезеңдерінде жүрген науқастар үшін, хирургиялық операциялардан өт­кен, жарақат алған адамдар үшін қарас­­тырылған. Бұл стационарлардың құры­лымдық бөлімшелерінде жүргізіледі.

Егер пациент емдеуге жатқызуды қажет етпесе, медициналық көмек көр­сетілгеннен және негізгі ауруды емдеу аяқталғаннан кейін оны оңалтудың екін­ші немесе үшінші кезеңіне жібереді.

Оңалтудың екінші кезеңі мамандан­дырылған бөлімшелерде немесе рес­публикалық денсаулық сақтау ұйым­дарының, мамандандырылған оңал­ту орталықтарының, көп бейінді стацио­нарлардың базасында өтеді. Оны аурудың басталуынан бастап тоғыз ай ішінде жүргізу ұсынылады. Курстың ұзақтығы және оның жиілігі нозологияға, науқастың жағдайының ауырлығына және басқа факторларға байланысты.

Үшінші кезеңді медициналық оңал­ту амбулаториялық-емханалық ұйым­дарда, күн­дізгі және тәуліктік стационарларда, оңалту орталықтарында, сана­торий-ку­рорт­тық ұйымдарда, үйдегі ста­ционар­лар­да, сондай-ақ қашықтықтан жүргізіледі. Оң динамика байқалғанда курстың жиілігі мен ұзақтығы қайта қарастырылады, со­ны­­­мен бірге әр жағдай бойынша жеке анық­талады.

Короновирустан кейін оңалтудан өтуге бола ма?

Коронавирус инфекциясымен және ауыр­лығы орташа, ауыр және аса ауыр пневмониямен ауырып жазыл­ған қазақстандықтар Әлеуметтік меди­циналық сақтандыру қорының қара­жаты есебінен үйде немесе ауруха­нада емделгеніне қарамастан, оңалтудан өте алады. Медициналық оңалтуға жол­­дама аурухананың немесе емха­на­ның мультидисциплинарлық коман­дасы­ның қорытындысы бойынша реаби­лито­логтың қатысуымен беріледі.

Көрсеткіштерді бағалаудың негізгі критерийлері: тыныс алу функциялары (сатурация деңгейі, КТ/рентгенография деректері бойынша өзгерістер), күнделікті өмірге қабілеттілік (Бартел индексі).

Оңалту қызметтерін кім көрсетеді?

Әлеуметтік медициналық сақтанды­ру қоры халық үшін оңалтудың қол­жетімділігін арттыру бойынша белсенді жұмыс істеуде. Егер 2019 жылы бұл қыз­метті 64 медициналық ұйым көрсетсе, 2020 жылы бұл көрсеткіш 559-ға жетті.

Ал 2021 жылы еліміз бойынша 613 ұйым медициналық оңалту қызметтерін кө­рсететін жеткізуші санатында, оның­ ішінде емханалар, ауруханалар, жеке медициналық орталықтар, оңал­ту және спорттық-оңалту кешен­де­рі, оңал­ту-санаториялық кешендер, ме­ди­циналық-әлеуметтік мекеме­лер, қо­ғамдық қорлар, емдеу-сауық­тыру ке­шендері бар. Бұл ретте 10 өңір­де шоғырланған 16 санаторий меди­ци­налық оңалту қызметтерін көрсетеді. Ең көп жеткізушілер – Қара­ғанды (4), Жам­был (3) және Алматы (2) облыс­тарын­дағы санаторийлер.

Қандай да бір қызметтер бойынша қор жеткізушілерінің тізбесін Қордың fms.kz ресми сайтындағы «Пациент үшін» – «Клиниканы таңдау» бөлімінде көруге болады».

МӘМС-те медициналық оңал­туды қаржыландыру:

2021 жылы оңалтуды қаржыландыру 2019 жылмен салыстырғанда 9 есеге – 55,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

2021 жылдың 4 айының қорытын­дысы бойынша Қор 14,1 млрд теңге сома­ға науқастарды емдеді. Бұл ретте амбу­латориялық жағдайда 1,5 млн-ға жуық медициналық оңалту қызметі, тәулік бойғы стационарларда 250,5 мың­­нан астам қызмет және стационарды алмастыратын жағдайларда 186,9 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

Өңірлер бөлінісінде медициналық оңалту қызметтерінің басым бөлігі Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында, Шы­ғыс Қазақстан, Ақтөбе және Жам­был об­лыстарында көрсетілген.

Егер сіздің ойыңызша орынсыз оңал­­ту қызметтерінен бас тарту жағ­­­дайларына тап болсаңыз, онда жағ­дайды анықтау үшін деректерді Қорға 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы немесе fms.kz сайты арқылы хабарласуыңыз қажет.

 

Дайындаған

Думан АНАШ,

«Egemen Qazaqstan»