Қазақстан • 09 Маусым, 2021

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Нормативтік Қаулысы

291 рет
көрсетілді
32 мин
оқу үшін

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігіне тексеру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Нормативтік Қаулысы

Қазақстан Республикасының Конститу­ция­лық Кеңесі, Төраға Қ.Ә.Мәми, Кеңес мүшелерi А.Қ.Дауылбаев, В.А.Малиновский, И.Д.Меркель, Р.Ж.Мұқашев, Ә.А.Темірбеков және У.Шапак қатысқан құрамда:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі – Қазақстан Республикасының Әділет министрі М.Б. Бекетаевтың,

Қазақстан Республикасы Парламенті Сена­ты­­ның өкілі – Қазақстан Республикасы Парла­менті Сенатының депутаты А.И. Лукиннің,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжі­лі­сінің өкілі – Заңнама және сот-құқықтық рефор­ма комитетінің Төрағасы Қ.С.Мусиннің,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкілі – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Со­ты­ның судьясы С.Ә. Жармұхамбетованың,

Қазақстан Республикасы Бас прокура­ту­расының өкілі – Қазақстан Республикасы Бас Про­курорының бірінші орынбасары Б.Н.Асы­лов­­тың,

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік ко­митетінің өкілі – Қазақстан Республикасы Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынба­сары М.Ө.Қалқабаевтың,

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі – Қазақ­стан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орын­басары О.А.Бектеновтің,

Қазақстан Республикасы Қаржылық мони­то­ри­нг агенттігінің өкілі – Қазақстан Рес­пуб­­ликасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төра­ғасының орынбасары Ж.Ф.Елемесовтің,

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министр­лі­гінің өкілі – Қазақстан Республикасы Ішкі істер ми­нистрінің орынбасары Қ.И.Сөнтаевтың,

Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы Ә.Б.Жанабилованың,

Қазақстан Республикасы Жеке сот орындау­шы­ларының республикалық палатасының бас­қар­ма төрағасы Е.Е.Ибраевтың,

Республикалық адвокаттар алқасының өкіл­­дері – адвокаттар Д.Қ.Қанафиннің және С.Ә. Мусин­­нің,

адвокат, Алматы облысы адвокаттар алқасы­ның мүшесі А.М. Омарованың,

адвокат, Алматы облысы адвокаттар алқасы­ның мүшесі Н.Ж. Сиқымбаевтың,

Нұр-Сұлтан қаласы заң консультанттары палата­сының төрағасы Ә.Ә. Ысқақовтың,

«Kazakhstan Bar Association» заң консуль­тант­тары палатасының төрағасы Ж.С.Елубаев­тың,

«СТАТУС» заң консультанттары пала­та­­сының төрағасы, «Қазақстандық заң кон­суль­тант­тары палаталарының қауымдастығы» заң­ды тұл­ғалар бірлестігі кеңесінің төрағасы Р.А.Жусан­ғалиевтің,

Алматы қаласы заң консультанттары палата­сы­ның төрағасы Б.Е. Мақұлбаевтың,

Атырау облысы заң консультанттары палатасының төрағасы Н.А. Мүбарактың,

Павлодар облысы заң консультанттары палатасының төрайымы С.Т.Қайдарованың,

Қарағанды облысы заң консультанттары палатасының Басқарма мүшесі А.В. Бочаровтың қатысуымен

өзінің ашық отырысында бейнекон­ференц­бай­ланыс режімінде Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Қазақстан Респуб­ли­касының кейбір заңнамалық актілеріне адво­кат­тық қызмет және заң көмегі мәселелері б­о­йын­ша өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура­лы» Қазақстан Республикасының Заңын Қа­зақ­стан Республикасының Конституциясына сәй­кес­тігіне тексеру туралы өтінішін қарады.

Баяндамашы – Қазақстан Республикасы Кон­ститу­циялық Кеңесінің мүшесі И.Д. Меркель­дің ха­барламасын, отырысқа қатысу­шылардың, сарап­шылар – заң ғылымдарының докторы, профессор С.Т.Тыныбековтің және заңгер Б.А.Райысо­ваның сөйлеген сөздерін тыңдап, сарап­шылар – PhD докторы, Нұр-Сұлтан қаласы Адвокаттар алқасының адвокаты А.М.Қоғамов­тың және заң ғылымдарының кан­ди­­­даты, доцент Р.М. Жәмиеваның қорытын­ды­ларымен танысып, Республикалық адвокаттар алқасының, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының, Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, Каспий университетінің, Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының қорытындыларын, жекелеген адвокаттардың, заң консультанттарының, олардың палаталары мен қауымдастықтарының бастамашылық қорытындыларын, конституциялық іс жүргізудің басқа да материалдарын зерделеп, жекелеген шетелдердің заңнамасы мен практикасын талдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі

анықтады:

Республика Парламенті «Қазақстан Респуб­ли­­касының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» Қазақстан Республикасының Заңын 2021 жылғы 8 сәуірде қабылдап, Мемлекет бас­шы­сының қол қоюына 2021 жылғы 13 сәуірде ұсын­ған.

Қазақстан Республикасының Президенті Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 2) тар­мақ­шасына сәйкес Конституциялық Кеңеске атал­­ған заңды оның Республика Консти­ту­ция­сы­на сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтініш жолдады.

Көрсетілген заңның конституциялылығын тексерген кезде Конституциялық Кеңес мынаны негізге алды.

  1. «Қазақстан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасының Заңы (бұдан әрі – Заң) құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғырту шең­бе­рінде, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көр­сету және мемлекеттік қызметтің жекелеген түр­лерін (қыл­мыстық қудалау, сот төрелігі және басқалар) іс­ке асыру кезінде цифрлық тех­нологиялар қол­данылуының тереңдеуіне негіз­дел­ген, адам­ның және азаматтың бірқатар кон­сти­ту­ция­лық құқықтары мен бостандықтарын іске асыру және қорғау тетіктері мен кепілдіктерін заңнамалық реттеуді жетілдіруге бағытталған. Онда үш кодекс пен алты заңға: Қазақстан Рес­публикасының Қылмыстық-процестік ко­дек­сіне, Қазақстан Республикасының Қыл­мыс­тық-атқару кодексіне, Қазақстан Респуб­ли­касының Азаматтық процестік кодексіне және Қазақстан Рес­публикасының «Нотариат туралы», «Ком­мер­циялық емес ұйымдар туралы», «Сәй­кес­тендіру нөмірлерінің ұлттық тізі­лім­де­рі туралы», «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы», «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң­дарына түзетулер енгізу көзделеді.

Парламент заңдарда жеке және заңды тұлға­лар­дың құқық субъектілігіне, азаматтардың құ­қық­тары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттері мен жауап­кер­ші­лігіне, сондай-ақ меншік режіміне және өзге де мүліктік құқықтарға, сот құрылысы мен сот ісін жүргізу мәселелеріне қатысты негізгі прин­цип­­тер мен нормаларды белгілеуге құқылы (Кон­сти­туцияның 61-бабы 3-тармағының 1), 2) және 6) тармақшалары).

  1. Конституцияның 13-бабының 3-тарма­ғын­да бекітілген білікті заң көмегін алу құқығы әр­бір адамның өзі заңдық маңызы бар әрекеттер жа­саған кезде жоғары білікті заңгерлердің кәсіби көмегін пайдалану мүмкіндігін көздейді. Білікті заң көмегінің жария-құқықтық мәні оның Негізгі Заңда бекітілген сот арқылы қорғалу құқығын және сот төрелігі қағидаттарын іске асырумен тығыз байланысты екендігін де білдіреді.

Конституциялық Кеңес өзінің қорытын­ды шешімдерінде құқықтардың немесе бостан­дық­тардың нақты бір түрінің конституциялық деңгейге дейін көтерілуі және Конституцияда оның кепілділігінің жариялануы мемлекеттің осы құқықтар мен бостандықтарды іске асыруды қамтамасыз ету міндетін өзіне жүктейтінін білдіреді, деп атап көрсеткен болатын (1999 жылғы 12 наурыздағы №3/2, 2004 жылғы 20 сәуірдегі №3, 2005 жылғы 29 сәуірдегі №3 нормативтік қаулылар).

Мемлекет осы саладағы өз міндеттемелерін орындай отырып, жеке адамның көрсетілген құқығына кепілдік беру үшін де, білікті заң кө­ме­гін көрсететін тұлғалар қызметінің тиімді­лі­гін қамтамасыз ету үшін де тиісті жағдай­лар жасау мақсатында қажетті нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге си­пат­тағы шараларды қабылдауға тиіс. Демек Рес­публика Парламенті заң көмегін көрсету жү­йе­сін құқықтық реттеудің нақты модельдерін, ал осындай жария-құқықтық сипаттағы қызметті жүзеге асырғысы келетін адамдар үшін міндет­ті талаптарды, шарттар мен шектеулерді айқын­дау­ға құқылы.

Заңнамалық шаралар адам құқықтарын қорғау және іске асыру мақсатында заң қызметін кәсіптік негізде жүзеге асыратын адвокатура, нотариат сияқты және басқа да мемлекеттік емес институттардың құқықтық мәртебесін, ұйымдастырылуын және қызмет нысаналарын регламенттей алады. Бұл ретте заң шығарушының қалауы шектеусіз емес, ол жеке және жария мүдделердің, мемлекеттік реттеу мен өзін-өзі рет­теудің ақылға қонымды теңгерімін, сот ісін жүр­­гізудің тиісті түрлеріндегі заңгерлердің рөлі мен жұмыс қағидаттарын, кәсіптік, өзін-өзі бас­қаратын және өзін-өзі қаржыландыратын коммер­циялық емес ұйымдар ретіндегі адвокаттар алқаларының, нотариаттық палаталар мен заң консультанттары палаталарының құқықтық жағ­дайын және басқа да факторларды ескере отырып, диспозитивтік және императивтік әдіс­тердің оңтайлы үйлесуін қамтамасыз етуге ба­ғыт­талуға тиіс.

Конституциялық Кеңестің осы құқықтық ұста­нымдары жалпыға бірдей танылған халық­ара­лық актілердің ережелеріне де негізделген.

Мәселен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1966 жылғы 16 желтоқсанда қа­был­даған және 2005 жылғы 28 қарашадағы Қазақс­тан Республикасының Заңымен рати­фи­ка­­цияланған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде белгіленгендей, осы Пактіге қатысушы әрбір мемлекет: осы Пак­тіде танылған құқықтары мен бостан­дық­тары бұзылған кез келген адамға тиімді құқық­тық қорғау амалын қамтамасыз етуге; құқы­ғын қорғауды талап еткен кез келген адамның құқықтық қорғалу құқығы құзыретті сот, әкім­ші­лік, заң шығару биліктері немесе мем­ле­кет­тің құқықтық жүйесінде көзделген кез келген басқа да құзыретті орган арқылы бел­­гіленуін және сот арқылы қорғалу мүм­кін­­­дігі­нің дамуын қам­тамасыз етуге мін­дет­тенеді (2-баптың 3-тармағының а) және b) тар­мақ­ша­ла­ры).

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қылмыс­ты­лық­тың алдын алу және құқық бұзушылармен қарым-қатынас жөніндегі Сегізінші Конгресі қабылдаған заңгерлердің рөліне қатысты Негізгі қағидаттарға сәйкес барлық адамдар пай­да­лану­­ға тиіс адамның құқықтары мен негізгі бос­тандықтарының тиісті түрде қорғалуын қам­та­масыз ету үшін барлық адамдардың тәуел­сіз кәсіби заңгерлер көрсететін заң қызмет­те­ріне шын мәнінде қолжетімділігі болуы тиіс. Үкімет оның аумағында орналасқан және юрис­дик­циясына жататын барлық адамдар үшін заң­гер­лер­ге тиімді және тең қолжетімділіктің тиімді рә­сімдері мен икемді тетіктерін қамтамасыз етеді (кіріспе, 2-тармақ).

  1. Қазақстан Республикасының адвокатурасы адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сот арқылы қорғауға және заң көмегін алуға мем­ле­кет кепілдік берген және Республиканың Кон­ституциясында бекітілген құқықтарын іске асыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ дауды бей­біт жолмен реттеуге жәрдемдесуге міндетті («Ад­во­каттық қызмет және заң көмегі туралы» Қа­зақ­стан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Адво­­каттық қызмет және заң көмегі туралы заң) 31-бабының 1-тармағы).

Конституциялық Кеңес бірнеше рет түсін­дір­гендей, білікті заң көмегін көрсету жөнін­дегі конституциялық-құқықтық міндет негізінен адво­каттардың міндеті болып табылады. Конс­ти­туция адвокаттарға жеке тұлғаларға да, заңды тұл­ға­ларға да білікті заң көмегін көрсету сала­сын­­да, ал мемлекетке – әркімнің осындай көмек алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету жөнін­де ерекше міндет жүктейді (1999 жылғы 2 шілдедегі № 12/2 және 2009 жылғы 20 тамыз­да­ғы №5 нормативтік қаулылар).

Заңда адвокаттардың заң көмегін, оның ішінде мемлекет кепілдік берген заң көме­гін, көрсету мәселелеріне, адвокаттарға қойы­ла­тын талаптарға, адвокаттық қызметпен айна­лысуға арналған лицензиядан айыру негіз­де­ріне, адвокаттық қоғамдастық органдарын ұйымдастыруға және олардың қызметіне және басқаларға қатысты өзгертулер көзделген.

Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңның 44-бабы 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиясынан айырылған адамдар үшін адво­каттық қызметпен айналысуға өмір бойы тыйым салу туралы норманы алып тастау Кон­ституцияның адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеудің шарттары мен шектерін белгілейтін 39-бабының ережелерімен үйлеседі.

Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңның 44-бабы 4-тармағының 2) тар­мақшасын біліктіліктің жеткіліксіздігі салда­ры­нан адво­кат­тың өз кәсіптік міндеттерін орындауы мүмкін болмайтынын анықтау үшін аттес­тат­тауды өткізу туралы талаппен толық­ты­ру оның құқықтарын кәсіптік қызметпен айна­лы­су құ­қы­ғынан негізсіз айырудан қорғау кепіл­дік­те­рін күшейтеді.

Негізгі Заңның 61-бабы 3-тармағының

1) тармақшасында көрсетілген мәселелерді заңна­ма­лық реттеудегі Парламенттің дискрециялық өкілеттіктері шеңберінде заң көмегін көрсету туралы шарт жасау тәртібін, адвокаттар алқасы органдарының құқықтық мәртебесін нақтылауға, мүшелік және нысаналы жарналарды төлеу кезінде жеңілдіктерді пайдаланатын адамдардың санаттарын белгілеуге, адвокаттарды төралқаның төрағасы мен мүшесінің лауазымдарына сай­лау мерзімдерін, ревизиялық және тәртіптік комиссиялардың өкілеттіктер мерзімдерін ұлғай­ту­ға қатысты құқықтық нормалар қабылданған (Заң­ның 1-бабы 9-тармағының 2), 7), 13)-16), 19), 25) және 26) тармақшалары).

Заңмен Адвокаттық қызмет және заң көме­гі туралы заңның 67-бабы 2-тармағының екінші бөлігі 22) тармақшасының қолданысы 2026 жыл­ғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрады, оған сәйкес Адвокаттар алқаларының рес­пуб­­ликалық конференциясы адвокаттар алқа­ла­ры Рес­пуб­ли­калық адвокаттар алқасының жалпы мұқ­таж­дықтарына жүзеге асыратын жарна­лар­дың мөл­шері мен тәртібін айқындайды. Көрсетілген уақытқа дейін осы жарналардың мөлшері мен оларды жүзеге асыру тәртібін Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы айқындайды, бұл ретте ай сайынғы жарналардың мөлшері әрбір адвокат үшін есептелуге және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген кемінде бір айлық есептік көрсеткішті құрауға тиіс.

Заң жобасы бастамашыларының және уәкі­лет­ті органның пікірінше, бұл шара адво­каттық өзін-өзі басқару ұйымы ретінде Қазақстан Республикасындағы және оның шегінен тыс жердегі мемлекеттік және өзге де ұйымдарда адво­каттар алқалары мен адвокаттардың мүд­делерін білдіру және қорғау, адвокаттар алқа­ла­рының қызметін үйлестіру, адвокаттар көрсе­тетін заң көмегінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында құрылған Республикалық адвокаттар алқасының материалдық-техникалық ба­засын нығайтуға және мүмкіндіктерін күшей­ту­ге бағытталған (Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңның 65-бабының 2-тармағы).

Конституциялық Кеңес адвокаттар алқала­ры­ның ұйымдық-құқықтық нысанын және олардың Республикалық адвокаттар алқасына міндетті мүшелігін, сондай-ақ құқықтық мемле­кет­тілік дамуының қазіргі кезеңіндегі адвокатура дамуының жай-күйін ескере отырып, мұндай уақытша реттеуге жол беріледі деп санайды. Рес­публикалық адвокаттар алқасының алдында тұрған міндеттерді тиісінше шешу, басқа кепілдермен қатар, барабар қаржылық, кадрлық және өзге де қамтамасыз етуді талап етеді.

Бірқатар новеллалар заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізумен, атап айт­қан­да, оны мемлекет кепілдік берген заң көме­гін көрсетуге адвокаттардың қатысуын ұйым­дас­тыру, мемлекеттік органдар мен сот­тар­­дың тағайындауы бойынша білікті заң көмегін көрсету үшін адвокаттарды таңдау, адвокаттар тізілімін, адвокаттар мен олардың алқаларының есептілігін жүргізу кезінде және басқа да жағдайларда енгізумен байланысты (Заңның 1-бабы 9-тармағының 4), 5) және 17) тармақшалары). Заңның тиісті нормаларында белгіленген өздерінің мәні мен мақсаты, пай­далану нысаны тұрғысынан олар азаматтық қоғамның және білікті заң көмегін көрсетудің маңызды институты ретінде адвокатураны ұйымдастыру қағидаттарына қол сұқпайды. Осы электрондық жүйе қосалқы ақпараттық-технологиялық мақсатқа ие және адвокаттардың, олардың алқаларының қызметін, әкімшілік ету жүйесін автоматтандыруға, транспаренттілікті қамтамасыз етуге және халыққа қолайлы жағ­дай жасауға бағытталған. «Мемлекеттік мү­лік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын­да белгіленген тәртіппен Республикалық ад­во­каттар алқасына сенімгерлік басқаруға бері­­летін заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйе­­сінің ақпараттандыру объектілері мемле­кет­тік меншікте болады, өйткені оларды адам­ның конституциялық құқықтарын қозғайтын басқа да мемлекеттік дерекқорлармен және мемле­кеттік органдардың ақпараттық жүйе­ле­рімен интеграциялау болжанады. Заңда Рес­публикалық нотариаттық палатаға және Жеке сот орындаушыларының республикалық пала­та­сына қатысты да осындай тетік көзделеді, оларға сенімгерлік басқаруға тиісінше Бірың­ғай нотариаттық ақпараттық жүйе және Атқару­шылық іс жүргізудің мемлекеттік автомат­тан­ды­рылған ақпараттық жүйесі беріледі (1-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы және 7-тармағы).

Көрсетілген коммерциялық емес ұйымдар мен олардың мүшелерінің қызметіне цифрлан­дыру құралдарын енгізу бойынша мұндай ұстаным Конституцияның 26-бабының 4-тар­ма­ғының талаптарын бұзбайды, өйткені адво­ка­тураның, сондай-ақ нотариат пен жеке сот орындаушыларының қызметі кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды. Конституциялық Кеңестің пайымдауынша, осы құқық қорғау институттары тағайынының жария-құқықтық сипатын, мемлекеттік ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істеуі мен жұмысына, олардың бір-бірімен интеграциясына, дербес деректерді қорғауға, жекелеген салаларды цифрлық формат­қа кезең-кезеңімен жүйелі түрде көшіруге елеулі мемле­кеттің мүдделілігін, тиісті технологиялық жарақтандыруды, әсіресе алғашқы кезеңдерде, қамта­масыз етуге мемлекеттің белсенді жәрдем­десуін ескере отырып, осы бөлікте қабыл­дан­ған заңнамалық новеллалар шамадан тыс монополияландыруға және жосықсыз бәсеке­лес­тіктің дамуына алып келеді деп санауға бол­майды.

  1. Заң консультанттары мен олардың бір­лес­тіктерінің Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңда бекітілген ұйымдастыру және қыз­мет қағидаттарында адвокатура институ­ты­мен көп ұқсастығы бар. Олар көрсететін заң қызметтері, кейбір ерекшеліктерді қоспағанда (істер санаттары және басқалар), көлемі мен сипаты бойынша адвокаттар көрсететін заң көмегіне сәйкес келеді. Сондықтан олар үшін жалпы бейінді заңда Конституцияның 13-бабы 3-тармағының ережелерін іске асырудағы заң консультанттарының маңызды миссиясын белгілеу, мамандықпен айналысу үшін арнайы талаптар мен рәсімдер, реттеу және бақылау тетік­терін белгілей отырып, оларды заң көме­гінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін білікті субъектілерге жатқызу негізделген болып табы­лады және заң шығарушының құзыретіне жата­ды.

Заңда заң консультанттарына адвокаттардың кейбір талаптарын, шарттары мен құралдарын (қызмет кепілдіктері, көмекшілер, заң консуль­тан­тының құпиясы және басқалар) қолдану арқылы олардың халыққа білікті заң көмегін көрсету­дегі, әсіресе соттарда өкілдік ету кезін­де­гі, рөлі мен жауаптылығын одан әрі күшейту бағы­ты жүргізілген.

Білікті заң көмегіне құқықты жүзеге асыру қыз­метінің жария-құқықтық мәнін, оның сот төрелігімен өзара байланысын, заң қызметтері нарығындағы заң консультанттарының қатысу үлесін ескере отырып, Конституциялық Кеңес мұндай құқықтық реттеуге жол беріледі және ол конституциялық талаптармен келісіледі деп па­йымдайды.

  1. Конституциялық Кеңес Заңның басқа да ережелерінің конституциялылығын тексерді.

Қылмыстық-процестік кодекске енгізілетін түзету­лермен қорғалуға құқығы бар куәның құ­қық­тық жағдайы өзгереді және оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктері күшей­тіледі. Заңмен ол өз құқықтары мен мүдде­ле­рін немесе өкілдік ететін құқықтар мен мүдде­лер­ді қорғайтын процеске қатысушыларға жат­қы­зы­ла­ды (Заңның 1-бабы 1-тармағының 1), 2), 5) және 8) тармақшалары). Мұндай регламенттеу өзіне қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы болжам бар адамға ол сотқа дейінгі тергеп-тексеруге тартылған кезден бастап неғұрлым нақты процестік мәртебе беру­ге, оның конституциялық құқықтарын іске асы­руға және қорғауға бағытталған, бұл Негізгі Заңның 13-бабының 1 және 3-тармақтарына және 77-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес келеді.

Заңда күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыларды күдіктіге жариялау кезінде қатысуға жол беру, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қорғаушы таныса алатын (көшірмелерін ала алатын) негізгі процестік актілер мен шешімдердің тізбесін белгілеу ар­қылы қорғаушылардың (адвокаттардың) өзінің қор­ғауындағы адамдарға білікті заң көмегін көр­сету бойынша құқықтары нақтыланған және кеңейтілген (Заңның 1-бабы 1-тармағының

7) тармақшасы).

Қылмыстық-процестік кодексте адвокаттың қыл­мыстық іске қатысты ақпаратты білуі ықти­мал адамға сауал қою және сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салуды жолдау жөніндегі өкі­лет­тіктерін іске асыру тәртібі неғұрлым егжей-тегжейлі реттелген (Заңның 1-бабы 1-тармағының 14) және 19) тармақшалары).

Республиканың қылмыстық-процестік заң­намасына аталған және басқа да өзгерістер мен толықтырулар адвокаттың кейбір өкілеттік­терін жаңа мазмұнмен толықтырады, бұл, Конституциялық Кеңестің пікірінше, айыптау және қорғау тараптарының тең құқылығын қам­та­масыз етуге, жарыспалылықты және қыл­мыс­тық сот ісін жүргізудің басқа да қағидаттарын да­м­ытуға ықпал ететін болады.

Конституцияның 13-бабының 3-тармағына сәйкес заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі. Осы конституциялық ережені орындау үшін Қылмыстық-атқару кодексіне сотталған адамға мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шеңберінде де, сондай-ақ соттардың үкімдері мен қаулыларын орындау барысында ұсынылатын құжаттарды дайындау кезінде де білікті заң көмегін алу құқығын беретін толықтыру енгізілді (Заңның 1-бабының 2-тармағы).

Қаралып отырған Заңды қабылдау рәсімі Республика Конституциясының ережелеріне сәйкес келеді. Депутаттар тобы Заң жобасын Конс­титуцияның 61-бабы 1-тармағының негізін­де Парламент Мәжілісіне енгізді және ол Негізгі Заңның 61-бабы 3-5-тармақтарының талап­тары сақтала отырып, Парламенттің әрбір Па­латасында өз кезегімен қарау арқылы қабыл­дан­ды.

Осылайша, Конституциялық Кеңес қаралып оты­рған Заң Қазақстан Республикасының Конс­ти­туциясына сәйкес деп санайды.

  1. Заңның конституциялылығын тани оты­рып, Конституциялық Кеңес оның жекелеген ереже­лерінің дәлме-дәл анық тұжырым­дал­ма­ғанына және сабақтас нормалармен үйлес­пе­уіне назар аударады, бұл оларды тиісті дәре­жеде түсінбеуге және теріс қолдануға жағдай жасауы мүмкін.

6.1. Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңның 5-тарауы «Заң консультантының құ­пиясы» деген жеке 77-2-баппен толық­ты­рылған. Бұл норма осы заңдағы «Адвокаттық құпия» деген 37-бапқа ұқсас болып келеді.

Жаңа баптың 3-тармағында «Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, заң консультантының құпиясына жататын мәліметтерді көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның келісуінсіз жария еткені үшін осы баптың 2-тармағында аталған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады», деп бекітілген.

Осы ережелердің мазмұнына қарағанда, заң консультантының құпиясын сақтау міндетінен алып тастаулар тек заңдарда ғана емес, сонымен бірге заңдық күші төмен нормативтік құқықтық актілерде де белгіленуі мүмкін.

Конституциялық Кеңес 2009 жылғы 20 тамыздағы №5 нормативтік қаулысында клиент­ өзіне қан­дастық-туыстық немесе өзге де жақын­дығы жоқ адамға үшінші бір тұлғаларға белгілі болмайды және өзіне зиян келтірмейді деген сеніммен өзі туралы қандай да болсын мәліметтерді хабарлаған кезде адвокат пен азаматтың өзара қарым-қатынасында орнаған тараптардың бір-біріне деген сенімі білікті заң көмегін алу құқығының негізгі іргетасы болып табылады деп көрсеткен болатын.

Конституциялық Кеңес осы құқықтық ұстаным кәсіптік құпияны сақтау жөніндегі міндеті әркімнің қадір-қасиетіне, жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына және басқа да конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған заң консультанттарына да қатысты деп пайымдайды. Алып тастауларды белгілеу мәселелері адамның осы құқықтарының мәнін қозғайды, олардың толыққанды іске асырылуы дәрежесіне әсер етеді, сол себепті, адвокаттар сияқты, тек заңдармен реттелуі тиіс.

6.2. Лицензиардың талап қоюы бойынша адвокатты сот арқылы лицензиядан айыру үшін біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан адвокаттың өз кәсіптік міндеттерін орындауының мүмкін болмауы деген негіз – «осы Заңның 55-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес адво­каттар алқасы жүргізген аттестаттау нә­ти­же­лері бойынша анықталған ...» деген ере­­ж­е­мен толықтырылған (Заңның 1-бабы

9-тармағының 10) тармақшасы).

Сонымен бірге алқа төралқасының адвокат­тың алқадағы мүшелігін тоқтатуы үшін де осындай негіз Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңның 60-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында қамтылған. Бұл ретте, мұндай шешім қабылдау үшін осы бапта аттестаттау рәсімі қарастырылмаған.

Адвокаттық қызмет және заң көме­гі тура­лы заңның 44-бабы 4-тар­­ма­ғының жа­ңа редакциядағы 2) тармақ­ша­сының және 60-бабының 1-тармағы 1) және 3) тармақша­ла­ры­ның және 2-тармағының өзара байланысты заңнамалық ережелерінен лицензиядан айы­р­у рәсімін және көрсетілген әрекеттердің кезек­ті­лі­гін нақты анықтау мүмкін емес.

6.3. Заңда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ке­мінде үштен екісінің атынан өкілдік ете­тін заң консультанттары палаталарының ерік­ті мүшелігіне негізделген ком­мер­ция­лық емес ұйым ретінде алғаш рет Респуб­ли­­ка­­лық ­заң консультанттары алқа­сын құру­ көзделеді (Заңның 1-бабы

9-тар­­ма­ғы­ның 29) тармақшасы).

Заңда Республикалық заң консультанттары алқасының съезі заң консультанттары пала­та­лары Республикалық алқаның жалпы мұқ­таж­дықтарына аударатын ай сайынғы жар­на­лардың мөлшерін және оларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды деп белгіленген. Алайда адвокаттармен ұқсас, бұл норманың қолданысы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрады. Көрсетілген уақытқа дейін осы жарналардың мөлшерін және оларды жүзеге асыру тәртібін Республикалық заң кон­суль­танттары алқасының съезі айқындайды, бұл ретте жарналардың мөлшері әрбір заң консультанты үшін есептелуге және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген кемінде бір айлық есептік көрсеткішті құрауға тиіс.

Конституциялық Кеңес аталған және Заңда қарастырылған мемлекеттік реттеудің басқа да шараларын іске асыру, егер олар заң кон­суль­тант­тарының бүкіл қоғамдастығына қатысты болса (адвокаттарға қатысты жасалатындай), олар көрсететін заң көмегінің сапасын арттыруға ықпал етсе және қызметтің бір саласы өкілдерінің арасында теңдікті бұзу үшін жағдай жасамаса, орынды болуы мүмкін деп пайымдайды.

6.4. Адвокаттар көрсететін заң көмегі түр­ле­рінің тізбесінен құқықтық мәселелер бойынша ауызша да, жазбаша да анықтамалар беру алып тасталған. Солай бола тұра, Қылмыстық-атқару кодексінде сотталғандардың анықтамалар түрінде білікті заң көмегін алу, оның ішінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шеңберінде алу, құқығы сақталған (Заңның 1-бабының 2-тармағы және 9-тармағының 11) тармақшасы).

Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заң – заң көмегінің негізгі қағидаттарын, ны­сан­да­ры мен түрлерін белгілейтін заңнамалық акт болып табылады. Адвокаттық қызметті рет­т­ейтін сабақтас заңдар бейінді заңның талап­та­ры­мен үйлесуі тиіс.

6.5. Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңның 2-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылған:

«2. Заң көмегі осы Заңның нормаларына сәйкес және Қазақстан Республикасының заң­на­масында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып көрсетіледі».

Сөйтсе де, осы заңның ұғымдық аппа­ра­тында заң көмегі деп «Қазақстан Респуб­ли­касы Конституциясының 13-бабының

3-тар­мағында бекітілген әркімнің білікті заң көме­гін алу құқығын іске асыруды қамтамасыз етуге, оның ішінде осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгі­лен­ген тәртіппен арнайы заң білімі мен дағдыларын пай­далана отырып қамтамасыз етуге бағытталған қызмет» түсініледі (1-баптың 3) тармақшасы).

Конституциялық Кеңес адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнаманың құрамына заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің де енгізілуіне күмән келтірмейді, дей тұрғанмен, аталған заңнамалық ережелер іштей келісілген болуға және әртүрлі түсінуге жағдайлар жасамауы тиіс. Заңға тәуелді деңгейде белгіленетін заң көмегін көрсету ерекшеліктері заңда бекітілген негізгі қағидаттар мен нормалардың мәніне қол сұқпауға тиіс, ал мұндай құқықтық актілер осы салада қабылданған заңнамалық актілердің негі­зінде және (немесе) оларды орындау үшін және (немесе) одан әрі іске асыру үшін шыға­ры­луға тиіс.

Конституциялық Кеңес өзінің бірқатар шешімдерінде заң заңдық тұрғыдан дәлме-дәл және әкеп соқтыратын салдары болжаулы бо­лу­ға, яғни оның нормалары жеткілікті дәре­же­де анық тұжырымдалып, заң ережелерін өзінше пайымдау мүмкіндігін жоққа шығаратын түсінікті өлшемдерге негізделуге тиіс деп атап көрсеткен болатын (2008 жылғы 27 ақпандағы №2, 2009 жылғы 11 ақпандағы №1, 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 5, 2015 жылғы 18 мамырдағы №3, 2020 жылғы 21 қаңтардағы №1 нормативтік қаулылар және басқалар). Сондықтан Конституциялық Кеңес құқықтық анықтылықты қамтамасыз ету мақсатында жоға­рыда аталған нормаларды ағымдағы заң­шы­ғармашылық қызметі аясында заңнамалық нақ­тылау қажет деп санайды.

Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Рес­­пуб­ликасы Конституциясының 72-бабы 1-тар­­мағының 2) тармақшасын, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі тура­лы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын, 31-33, 37, 38-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қа­зақ­стан Республикасы Конституциялық Кеңесі

 

қаулы етеді:

  1. Қазақстан Республикасының Парламенті 2021 жылғы 8 сәуірде қабылдап, Қазақстан Республикасы Президентінің қол қоюына 2021 жылғы 13 сәуірде ұсынған «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне адво­каттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.
  2. Заң шығарушының назары Консти­ту­ция­лық Кеңестің осы нормативтік қаулысында мазмұндалған құқықтық ұстанымдарын ескере отырып, қосымша заңнамалық шаралар қабылдау қажеттігіне аударылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Конститу­ция­сының 74-бабының 3-тармағына сәйкес нор­ма­тив­тік қаулы    қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.
  4. Осы нормативтік қаулы республикалық ресми баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тіл­дерінде жариялансын.

 

 

Қазақстан Республикасының

Конституциялық Кеңесі