Білім • 09 Маусым, 2021

Жаңа формациядағы мұғалім

2260 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

ХХІ ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсі­би бейімделуін қалыптастыру – кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Шын мәнінде, білім беру мәселелері бар­шамызды толғандырады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев педагог кадрларды даярлауға арналған жаңа жоғары оқу орындарын құру туралы Үкімет отыры­сында сөйлеген сөзінде «Қазіргі ұстаздардың жасы ұлғайып келеді, ал жас кадрлар арасында оларды алмас­тыратын лайықты адам жоқ. Бізге жаңа формация­дағы мұғалімдерді даярлайтын жоғары оқу орын­дары қажет», деп болашақ педагог кадрларын даяр­лау бойынша міндеттер тапсырды.

Жаңа формациядағы мұғалім

2018-2019 оқу жылын­да­ғы мәліметтерге сүйенсек, елімізде білім берудің 28 тобы бойынша 149 028 студент білім алуда. Оның ішін­де студенттердің 60 пайы­зы, яғни 86 304-і мына 5 ма­ман­дықта оқиды: дене шы­нықтыру – 26 522; екі шет тілі – 20 561; бас­тауыш оқы­тудың педагогикасы мен әдістемесі –  17 265; мек­тепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу – 12 263; педа­гогика және психология – 9 664. Қалған 23 мамандықта 62 724 студент білім алуда.

Нақтылай кететін бол­сақ, 2019-2020 оқу жылын­да педагогикалық ғылым­дар бойынша 8 218 грант бө­­лінген болатын. Оның ішінде 2 450 грант, яғни гранттың 30 пайызы осы ма­мандықтарға бөлінді: де­не шынықтыру – 150, екі шет тілі – 800, бастауыш оқы­тудың педагогикасы мен әдістемесі – 550, мек­теп­­ке дейінгі оқы­ту және тәрбие­леу – 750, педагогика және психология – 200. Қалған 23 білім беру бағдарламасына бөлін­ген грант саны жалпы грант­тың 70 пайызын (5 768) құрайды.

Білім саласына қатысты үш жайт қазақ қоғамын ойландыруы тиіс. Біріншісі – университеттердің барлы­ғын профильдік универ­си­тет­терге бөлу. Екіншісі – ауыл мек­тептерінің жағ­дайы. Үшін­шісі – мектеп мұ­ғалімдерінің білікті­лік тес­тілеуінен өтіп жатқан­дығы. Енді осыған жеке-жеке тоқ­тала кетейік.

Бірінші мәселе бойынша таяу арада қолға алынуға тиіс профильдік университеттер қандай тапсырмаларды орындайды? Әзірше, жаңа формациядағы мұғалімдер – қазіргі Назарбаев зияткерлік мектебіндегі мұғалімдер. Жаңа формация педагогі – рухани дамыған әрі әлеу­меттік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер мең­герген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұм­тылатын шығармашыл тұл­ға. Осындай жоғары бі­лімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін профильдік универ­си­теттердің жауапты екені дау тудырмайды десек те, тап осындай мұғалімдер даяр­лау үшін Назарбаев зият­кер­лік мектебіндегі мате­риал­дық, техникалық базаны, болашақ мұға­лімдер даярлайтын универ­­­ситеттерді то­лық қамта­ма­сыз ету қажет.

Шешімі күрделі екінші мәселе – әрине, ауыл мектеп­те­рінде дәл қазір қалыпта­сып отырған күрделі ахуал. Ста­тистикалық деректерге сүйен­сек, Қазақстанда қа­зір жалпы 7 мыңнан аса мек­теп бар. Оның ішінде ша­ғын жинақты мектептер – 3 230, лицей және гим­назия – 124, НЗМ – 22, қал­ғаны жалпы білім беретін мектептер. Яғни бүгінгі таң­да республикадағы мектеп­тер­дің 42 пайызын шағын жи­нақты ауыл мектептері құрайды.

Мектеп – әлеуметтік мә­се­лелердің ішіндегі ең өзек­­тісі. Ауыл мектебінің мә­се­лесі – қазақтың ел­ді­гінің мәселесі. Ауыл мек­те­бінде қазақ ұлтының бо­лашағы, үміт артқан ер­теңі, халық арманын ар­қалаған жас жеткіншек оқып, тәрбиеленіп жатыр. Шағын жинақты мектепке тән қиындықтар – мектептерде қосарланған маман­дықтарға ие кадрлардың жетіспеушілігі, оқу про­цесі екі тілде жүзеге аса­тын мек­тептерде кадрлар тап­шылығы, пән мұға­лім­дерінің толық оқу жүктемесімен қам­тылмауы. Елімізде жиыр­­мадан астам жоғары оқу орнында қосарланған ма­ман­дықтар даярлануда, алайда нақтылы қандай қосар­ланған мамандықтарға сұ­раныс бар екендігі және бұл мамандықтарды даярлау­да қандай оқу орындарына басымдылық берілу ке­рек­тігі сараптауды қажет етеді. Өйткені сол аймақтың түлектері негізінен сол қиын­шылықтың орнын тол­тыруға ықпал етеді. Сон­дықтан болашақта ауылға, оның ішін­де шағын жи­нақты мектептерге мұ­ға­лім даярлаған кезде оның ерекшеліктеріне қарап, қан­дай мамандықтар керек еке­нін ескеру керек.

Соңғы екі жылдан бері мектеп мұғалімдерінің білік­тілік тестілеуінен өтіп жат­қаны – дер кезінде қолға алынған дүние. Былтыр­ғы өткен біліктілік тестілеуінің нәтижелеріне көз жүгіртсек, жүр­гізілген тестілеуге 70 мың­нан аса мұғалім қатысып, олар­­дың 44%-ы шекті балдан­ жоғары жинады, ал 56%-ы сол біліктілік тестілеуінен өтпей қалғаны белгілі болып отыр. Өз тарапымыздан мек­теп мұғалімдері ара­сын­да жүргізілген сауал­намаға талдау жасау бары­сында мұғалімдердің пән бойынша төмен білім нәти­жесін көрсеткенін байқа­дық. Мысалы, математика пәні мұғалімдерінің 285-і­ сауал­намадан өтті. «Қай тараудан біліміңізді жетіл­діргіңіз келеді?» деген сұ­рақ­қа ең көп таңдалған «Тригонометриялық теңдеу­лер мен теңсіздіктер және олардың жүйелері» жауа­бы болды. Енді біз тап осы мұ­ғалімдер мүдделі болып отырған біліктілігін арт­тыруға қалайша қол ұшын береміз? Бұл үшін жоға­ры оқу орындарындағы про­фес­сорлық-оқытушылық құ­­­­­рам­­ның біліктілігін қолға алуы­мыз керек. Ел бюджетінен арнайы бө­лінген қаржы негізінде Жо­ғары оқу орындарындағы про­фессорлық-оқытушылық құрамды шалғайдағы (Син­гапур, Финляндия, Ма­лай­зия) және көршілес Ресей (Мәскеу, Санкт-Пе­тер­бург, Новосибирск) елдер уни­верситеттерінде бі­лік­тілігін арттыру курста­рына жіберу арқылы кадр­лардың білімін жетілдіруге нақ­ты қадамдар жасау қажет-ақ. Осы арқылы біз төмен­дегідей күтілген нәти­желерге қол жеткізе аламыз. Яғни университетте бі­лім беру жүйесінің заманауи инфрақұрылымын құру (НЗМ-нің материалдық-тех­никалық базасы негізінде); Ынтымақтастық білім бе­ру ор­тасы процесінде ма­ман­­дықтардың білім бағ­дар­ламалары арасындағы өзара әрекеттесу механизмін әзір­леу; Болашақ мұғалімнің пе­да­гогикалық мәдениетін дамыту, инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру үшін көркемдік техно­логия­лар­ды қолдану; Педа­гогика ғылым­дарының STEM зертханасы негі­зінде академиялық және ғылыми-зерттеу эко­жү­йе­сін құру арқылы қа­жет­­ті құзы­реттіліктерді қа­лып­тастыру және профес­сор­лық-оқыту­шы­лық құрамның кәсі­билігін да­мыту.

Сөз соңында түйіндеп айтарымыз, өзгермелі өмірде мұғалімдер барлық сатыда білім беру бағдарламасына енгізілетін өзгерістермен және пәндік салалардағы әзір­лемелермен бірге дамып отыруы тиіс.

 

Оралтай ЖОЛЫМБАЕВ,

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті»

КеАҚ профессоры