Қазақстан • 09 Маусым, 2021

Қазпошта бірнеше елмен байланысын қайта жаңғыртты

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазпошта биылғы маусым айында Бейрутпен, Ларнакамен және Белградпен халықаралық пошта байланысын қайта қалпына келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазпошта бірнеше елмен байланысын қайта жаңғыртты

Бүгінде Ұлттық пошта операторы 105 мемлекетпен әуе жолдарымен, 35 елмен жер үсті көліктері арқылы пошта жөнелтілімдерімен алмасады. Халықаралық пошта байланысын әуе жолдары арқылы қалпына келтіру арқасында сәлемдемелердің бір елден екіншісіне жеткізу мерзімі қысқарады.

Былтыр көптеген елде пандемияға байланысты шектеулер енгізіліп, бұл өз кезегінде халықаралық сәлемдемелерді жеткізу мерзіміне әсер еткені белгілі. Қазпошта әуе жолдарынан басқа логистикалық шешімдерді қабылдау арқылы пошта байланысын жүзеге асыруға мәжбүр болды. Оның ішінде құрлық шекарасы бар мемлекеттермен автокөлік және теміржол арқылы пошта байланысы орнатылған болатын. Қазіргі таңда Қазпошта 140 мемлекетпен халықаралық пошта байланысын жүзеге асырады.

Әзірге карантиндік шараларға байланысты Қазақстаннан Қытайға, Моңғолияға, Ливияға, Сирияға, Боливияға, Йеменге және Жаңа Гвинеяға халықаралық пошта жөнелтілімдері әлі де уақытша қабылданбайды.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше