Президент • 10 Маусым, 2021

Мемлекет басшысы адвокаттық қызмет туралы заңға қол қойды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы адвокаттық қызмет туралы заңға қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

«Конституциялық Кеңес құжаттың Қазақстан Республикасының Ата заңына сай келетінін мәлімдеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Үкіметке депутаттық корпуспен бірлесіп, қолданыстағы қазіргі заң жобасы аясында кейбір Заң нормаларын заңнамалық тұрғыдан нақтылау жөніндегі Конституциялық Кеңестің ұсыныстарын қарастыруды тапсырды», деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те