Аймақтар • 10 Маусым, 2021

Алматылықтар өңірді жұт жайлайды деп алаңдап отыр

1418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Facebook желісінің белсенді қолданушысы Алматы облысында кей су қоймалары арнасынан тартылып жатқанын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматылықтар өңірді жұт жайлайды деп алаңдап отыр

Ардақ Бөкеева желідегі жазбасында құрғақ ауа райы туралы талқылап, өңірді жұт алуы мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, экологтар бұған дейін де, қазір де Жерде қатты күн ысып, әлемде қуаңшылық етек алатынын айтылып жүргенімен әзірге ешқандай шара қолданылмай жатқанын жеткізді.

«Өздеріңіз білетіндей, мұның салдарын таяуда ғана болған Маңғыстаудағы жылқылардың аштан қырылғанын айтуға болады. Дәл қазір Алматы облысының тұрғындары көкейдегі сұрақтарына жауап таба алмай, алаңдап отыр», дейді экожүйе белсендісі.

Сондай-ақ ол Facebook парақшасында Торғап су қоймасының тартылып қалған суретімен бөлісті.

«50 жастағы ауыл тұрғыны барлық малды тауға айдап әкетіп отырады. Ол мұндай жағдайды, әсіресе, маусым айының басында көрмегенін айтады. Тауы, жайлауы жоқ адамдар не істеп жатқанын елестете алмаймын», деп жазды Ардақ.