Экономика • 11 Маусым, 2021

Алма бағын баптаған, жеміс-жидек сақтаған

776 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Отандық тауар өндірушілер олжалы болатын күн де алыс емес.

Алма бағын баптаған, жеміс-жидек сақтаған

Жалпы, ауыл шаруашылығы саласындағы іргелі жо­ба­лар­ды қаржыландыру және тағы басқа да мемлекеттік қол­­­дау шараларына назар аударылып келеді. Азық-түлік қауіп­­сіз­­дігі кез келген мемлекеттің күн тәртібінен түспейтін мәсе­­­лесі еке­ні анық. Сондықтан агроөнеркәсіп кешенін дамыту ба­­ғы­­­тын­дағы түрлі бағдарламалардың жоспардағыдай орын­­­да­луы өте маңызды. Олай болмағанда бар табысымызды им­­порт­­талған тауарға жұмсап, бөтеннің бөтегесін толтырамыз.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында биыл Алматы облысында алма бағын өсіру мен жеміс-көкөніс өнімдерін тоңазытып, қаты­ру бағытындағы екі жоба іске қосылды. Мәселен, Алма­ты облысы Еңбекшіқазақ ауданын­дағы Fresh Land ЖШС Аграр­лық несие корпорациясынан 1,3 млрд теңге несие алып, алма бағын гүлдендірген. Серіктестік директоры Батыржан Әлібаев 2014 жылдан бері бау-бақша егумен айналысады. Осыған дейін бұл салада мол тәжірибе жи­наған кәсіпкер үлкен жобаны қолға алыпты. Қазір 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Алма ағаштары өсіп-жетілгенде 100-ге жуық адамға жұмыс беретін болады.

– 2020 жылы 46,8 гектар аумақ­қа Италиядан әкелінген алма ағашының көшеттерін отыр­ғыздық. Оның ішінде Ред Делишес, Голден Делишес, Гала, Фуджи сияқты алма сұрыптары бар. Жоба жылына 2,5 мың тонна дайын өнім алуға есептелген. Бұл алма ағаштары төрт жылдан кейін ғана толық көлемде өнім береді. Жобаны іске асыру үшін Аграрлық несие корпорациясынан 1,3 млрд теңге несие алдым. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы алғандықтан несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі 5% және екі жылға дейінгі жеңілдік кезеңі қарастырылған. Бұл – қазіргі нарықта біз сияқты кәсіп­керлер үшін өте үлкен жеңіл­дік. Екінші деңгейлі банктер мұндай төмен пайызбен несие бермейді. Мемлекет осылай қолдап отырса, барлық сала жылдам дамиды деген ойдамын, – дейді Батыржан Әлібаев.

Алма бағында тамшылатып суару әдісін қолданады. Жаб­дықтарды Израильден әкел­ген. Бұл жаңа жүйе суды үнем­деуге және тыңайтқышты тиімді пайдалануға арналған көрінеді. Осындай тиімді технологияны пайдаланып, жобасын жолға қойған кәсіпкер өнімін сыртқы нарыққа шығаруды да жоспарлап қойыпты.

– Биыл аз да болса, алғашқы өнім­ді аламыз. Келесі жылы өнім саны арта түседі, төрт жыл­дан кейін толыққанды өнім ала­мыз деп отырмыз, яғни бір гек­тар­­дан 50 тоннаға дейін алма алуы­­мыз керек. Біз еккен ағаш сұ­­рып­тары өнімді мол бере­ді. Жо­ба экспортқа бағыттал­ған­дық­­­тан бұл алмалар сыртқы на­рық­та үлкен сұранысқа ие, – дейді Fresh Land ЖШС директоры.

Мемлекеттің қолдауына ие бол­ған шаруашылықтың бірі – FROSCO ЖШС. Бұл ме­ке­ме Аграрлық несие корпо­ра­­­циясы арқылы 2,1 млрд теңге несие алып, көкөніс пен же­міс-жи­дек­терді өңдеп, кейін да­йын өнімді тоңазытып, қаты­ра­­тын кешен салып жатыр. Ша­р­уа­­шы­лық басшысы Ерік Мұса­ғұлов мұндай кешен елімізде бұрын-соңды салын­бағанын айтады.

– Бұл жобаны 2018 жы­лы қолға алдық. Биыл бар­лық құ­рылыс-монтаждау жұмыс­тарын аяқтаймыз. Қазір кешеннің ішіне жабдықтарды орнату жұ­­мыстары жүргізіліп жатыр. Бұл­ жерде ең маңыздысы тоңа­зыт­қыш жабдықтарын орнату, қазір соны орнатып жатырмыз. Ондағы температура 25 градус болады және көкөніс пен жидектерді қатырамыз. Өнім­ділігі сағатына үш тоннаға дейін жетеді, яғни бір айда 800-1000 тоннаға дейін өнім өңдей аламыз. Кешен тамыз айларында іске қосылады деп жоспарлап отырмыз, – дейді Е.Мұсағұлов.

Оған қоса бұл кешенде қа­ты­рылған өнімді сақтау қой­ма­сы жасақталады. Бұл 400 тон­­наға есептелген. Фермердің өзі 200 гектарға көкөніс пен жеміс еккен. Одан 4-4,5 мың тонна өнім жиналады деп болжап отыр. Оның ішінде түрлі-түсті қырыққабат, брокколи, бак­лажан, бұрыш және тағы бас­қалары бар. Өнімдерді осы кешен­де өңдеп, кейін экспортқа шы­ғар­мақ. Өнімнің 80%-ы экс­порт­қа жіберіледі екен. Әсі­ресе өнім экспорты Ресей на­ры­­­ғы­­на бағытталғанын айта­ды. Өйт­­кені онда дайын өнім­ге деген сұ­раныс жоғары көрі­неді. Соны­мен қатар жоба аясын­да жылыжай салынып, көшет­тер егіледі. Кәсіпорын ауыл шаруа­шы­лығы техникасы мен құрал-жаб­дық­та­рын да Аграрлық несие кор­по­­ра­циясы арқылы алған. Ал­дағы уа­қытта бұл кәсіп­орын 200-ге жуық адамды жұмыс­пен қамтымақ.

– Өнімді өңдеу кешенінде 40-50 адамды тұрақты жұмыспен қамтимыз. Ал шикізат базасында 60 адам болады. Одан бөлек, маусымдық бау-бақша егу мен баптауға 100 адам алдық, – дейді ферма басшысы. 2019-2021 жылдар аралығында корпорация 1 476 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге 71,4 млрд теңге несие берген. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы аясында іргелі инвестициялық жобаларды қаржыландыру көлемі де ұлғайып келеді.

– Осы аралықта корпора­ция алма бағын өсіру бойын­ша барлығы 22 млрд теңге көле­міндегі 23 жобаны қаржы­лан­дырды. Көкөніс пен жеміс-жидекті сақтау бағытын­да екі жылда 21 жоба қаржылан­ды­рыл­ды, оның жалпы сомасы 8,9 млрд теңгені құрады, – дейді Аграр­лық несие корпорациясының Мар­кетинг және PR қызметінің басшысы Руслан Ескендір.