Аймақтар • 11 Маусым, 2021

Алматыда дүкен өртенді

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында дүкен ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда дүкен өртенді

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жалын кеше кешкі 23:26 кезінде тұтанған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенде бір қабатты дүкеннің өртеніп жатқанын көрген. Тілсіз жау оның жанындағы жапсарлас үш қабатты ғимаратқа жайылған. Құтқарушылар тез арада іске кірісіп, өртті солтүстік, оңтүстік және батыс тараптан сөндіруге жұмылдырылды.

ТЖД дағдарыс орталығы басқармасы жалынды онлайн режимде бақылап отырды.

Оқиға орнында 19 техника мен 70-тен астам қызметкер жұмыс істеді.

Өрттен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.