Қоғам • 11 Маусым, 2021

Елден 4,2 миллион адам көшіп кеткен

892 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміз тәуелсіздік алған жылдары Қазақстаннан 4,2 миллион адам көшіп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елден 4,2 миллион адам көшіп кеткен

Сол тұста қазақстандықтардың көбі Еуропа елдеріне, яғни 4,1 миллион адам кетіп қалған. Оның 2,5 миллионы Ресейге көшіп кеткен. Бүгінде бір миллионнан аса адам Германияда тұрып жатыр. Украинада 225 мың қазақстандық болса, Беларусьте 70 мың, Грекияда 27 мың, Чехияда 8 мың және 7 мыңы Польшада тұрақтап қалды.

Сонымен бірге Азияға 75 мыңы қоныс аударса, Түрікменстанға көшкен қазақтың 20 мыңын қамтиды. Израиль, Өзбекстан мен Қырғызстанның өзіне 13 мың адамнан кеткен. Жеті мыңы Түркияда тұрып жатыр.

Айта кетерлігі, отандастарымыз мұхит асып, 50 мың адам Солтүстік Америкаға кеткен. Оның 36 мыңы АҚШ-қа бет бұрса, тағы 13 мыңы Канадаға бас сауғалаған.

Африкада тұратын қазақстандықтар да бар. Оның ішінде, ең үлкен диаспора Малиде - 2 мың адам. Тағы мыңға жуық қазақстандық Ливияда тұрып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Кеше

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Кеше

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Кеше