Теннис • 11 Маусым, 2021

Дмитрий Попко жартылай финалға жолдама алды

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Дмитрий Попко Алматы челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дмитрий Попко жартылай финалға жолдама алды

Дүниежүзілік рейтингте 195-орында тұрған Д.Попко ширек финалда әлемнің 108-інші, осы доданың 1-ракеткасы, словакиялық Андрей Мартинмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда брейк жасаған қазақстандық теннисші есеп 5:4 болғанда сетке доп бергенімен, оны пайдалана алмады. Дегенмен қайыра брейк жасап, екінші мүмкіндігін мүлт жібермеді – 7:5.

Д.Попко екінші сетті де брейкпен бастап, алға кетті. Ақыры сол басымдылығын сақтап қалды – 6:4.

Тартысты бәсеке 1 сағат 42 минутқа созылды.

Д.Попко финалға шығу үшін рейтингте 259-сатыдағы бельгиялық Зизу Бергспен таласады. Ол ширек финалда әлемнің 174-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, отандасы Киммер Коппеянсты 6:3, 2:6, 6:4 есебімен ұтты.

Егер Д.Попко мен Т.Скатов жартылай финалда қарсыластарын жеңсе, финалда өзара кездеседі.