Білім • 14 Маусым, 2021

Білім мен индустрияны ұштастырған университет

579 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Кез келген мемлекеттің дамуының негізі – білім мен ғылым. «Білім-индустрия-ғылым-инновация» интеграциясы Ұлт жоспарын іске асырудың темірқазығы болып отырған қазіргі кезеңде университеттер де осы интеграцияның дамуына өз үлестерін қосып келеді.

Білім мен индустрияны ұштастырған университет

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті еліміздің мұнай-газ кешеніне маман даяр­лайтын бірден-бір жоғары оқу орны ретінде ғылыми және инновациялық қызметін арттыру жолында ауқымды өзгерістерге бет бұрып, соңғы уақытта үлкен трансформациядан өтуде. Әсіресе университеттің ғылыми әлеуетін арттыру, халықаралық қатынастарын күшейту және ғылыми жобаларды жүзеге асыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 

Мұнай-газ индустриясы, акаде­мия­лық қоғамдастық және бизнес ара­сындағы жүйелі өзара қарым-қа­ты­насты орнату мақсатында уни­вер­ситет диалог алаңы ретінде «білім-индустрия-ғылым-бизнес» өзара іс-қимылды ықпалдастыру про­цесін белсенді түрде іске асыруда.

Белсенді трансформациялау кезе­ңінде университет білім беру процесіне үздік тәжірибелерді енгізу жұмысын жалғастырып жатыр. Солардың бірі – энергетикалық секторды жоғары кәсіби кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған жобалар. Оларды жүзеге асыруға мүмкіндік бе­ретін МВА бағдарламасы үш ба­ғытта: Мұнай инженериясы, Тұ­рақты даму, Адами ресурстар саласындағы бағытта ашылды.

Университет базасында құрыл­ған Энергетика министрлігінің Са­ла­лық технологиялық құзыреттер ор­талығы энергетика саласындағы тех­нологиялық инновациялар мәсе­ле­лері бойынша сараптамалық қол­дау көрсетуге арналған. Атап айт­қанда, университетке цифрланды­ру жобаларын сараптамалық сүйе­мел­деу және болашақ кәсіптері бойын­ша эксперименттік білім беру бағ­дар­ламаларын әзірлеу.

Президент Қ.Тоқаевтың өңірлік уни­верситеттерді өнеркәсіптік кәсіп­орындардың өз қамқорлығына алу туралы тапсырмасына орай «Ем­бі­мұнайгаз» АҚ мен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС С.Өтебаев атындағы АтМГУ-мен екіжақты келісімге қол қойды. Аталған келісім негізінде «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС демеушілік көмегімен университет базасында «Мұнай-химия және экология институты» ашыл­ды. Институт құрылымына оқы­ту орталығы мен жер қойнауын пай­даланушылардың қолданбалы зерт­теулері орындалатын зерттеу бейі­ніндегі 15 зертхана кіреді. Зауыт жұмысшылары академиялық процес­ке және мамандарды даярлау ісіне белсенді араласады. Зауыт осыдан 5 жыл бұрын университетпен дуалды оқыту жүйесін жақсы жолға қойған.

«ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ және «Ембімұнайгаз» АҚ қолдауымен университет базасында Оқу-өндірістік полигонының құрылысы басталды. Бұл университеттің энергия ресурс­тарын, электр және баламалы энергетиканы өндіру және тасымалдау технологияларын енгізуге арналған өнеркәсіптік қондырғылар үлгілері бар теңдесі жоқ алаңы болмақ. Бұл студенттердің алған білімдері мен дағдыларын бекіту, технологиялық процестерді зерттеу, өндірістік үде­ріс­терді нақты еңбек жағдайында игеруге мүмкіндік береді.

Университет Губкин атындағы РМУ, Texas A&M және Robert Gordon University секілді жоғары оқу орын­дарының халықаралық тәжіри­бесіне сәйкес университеттің оқу-әдістемелік бағдарламасын әзірлеуде және жетілдіру бағыты бойынша бірлесіп жұмыс атқаруда.

Университет оқытушыларының 30%-ы – индустриядан шақырылған лекторлар. Индустриялық комитет мүшелері университетке бі­лім­­ді және тәжірибелі маман­дар­­­ды тар­ту­мен қатар, оқу орнын мате­риал­­дық-техникалық жаб­дық­­тауға кө­мек­тесуде. Алтын серік­тесі­міз – Атырау «МӨЗ» ЖШС демеу­ші­лігі­мен университет базасында Мұ­най-химия инженериясы және эко­­логия институты ашылды. Жаңар­тыл­ған, заманауи жаңа зертхана­ларымен жаб­дықталған инс­титутта еліміздің мұнай-газ химия­­сы және экология бағыттары бойынша мамандар даярлануда.

Іргелі ізденістер

Жаһандық энергетика сипаты­ның өзгеруі, климаттық реттеу және оған байланысты энергияға әлем­дік сұра­нысты қалыптастыру үдеріс­терін­дегі құрылымдық өзгерістер энер­ге­ти­калық индустрияның қатысу­шы­ларына жаңа мүмкіндіктер мен қауіп тудырады. Осыған байланысты уни­­верситет мұнай-газ саласындағы кли­­­маттық құбылыстардың эко­но­микалық салдарын модельдеу бо­йын­­ша жобаларды жүзеге асыруда Скол­ково Мәскеу басқару мекте­бі­­мен өзара ынтымақтастықты орнатты.

Бұл ұйыммен энергетикалық сек­тор менеджерлеріне арналған «Эне­ргия алмасу 4.0» оқыту бағ­дар­ла­масын, энергетикалық менедж­мент саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру қолға алынды. Энергия алмасу 4.0 бағдарламасы – еліміздің энергетикалық сектор компанияларының топ менед­жер­лерін, директорларын стра­тегиялық дамыту бойынша оқытуға бағытталған бірлескен білім беру бағдарламасы.

Сондай-ақ университетте UNIVERSITI TEKNOLOGI PETRONAS (UTP) малайзиялық транс­ұлттық мұнай-газ корпорация­сы Petroliam Nasional Berhad-қа тие­сілі жетекші зерттеу универ­си­тет­т­ерімен серіктестік орнатылған. Атал­ған университеттермен ынты­мақтастық нанотехнология және «жасыл технологиялар», гибридті энергетикалық жүйе, интеллектілі қала және тұрақты даму секілді маңызды салаларды қамтиды.

Өткен жылы бірқатар профес­сор-оқытушымыз ғылыми-зерт­теу жобаларын жүзеге асырып, моно­графиялық жұмыстарын жа­рық­қа шығарды. Профессор-оқыту­шы­ла­рымыздың бірлесіп жасаған жұ­мы­сына «Қатты жол төсемін дайын­дау әдісіне» авторлық патент беріл­ді. Сон­дай-ақ «Геоэкология» ғы­лы­­ми зерт­ханасының ғылыми қыз­мет­кері­нің «Мұнай өндіру кенорын­дары жұ­таңд­анған топырағын зерттеу және қалпына келтіру бойынша ұсыныс­тарды жасақтау» атты ғылыми зерттеу жұмысына авторлық куәлік берілді.

Сонымен қатар университет ғалым­дары «1:1 000 000 масштаб­тағы Каспий өңірінің геологиялық мазмұндағы ГАЖ атлас қартасы» халықаралық жобасын жасауға атсалысып келеді. С.Өтебаев атын­дағы Атырау мұнай және газ уни­верситетінің Геология, геофизика және геохимия ғылыми орталығының осы тақырыптағы жобасы Экология, геология және табиғи ресурстар ми­нистрлігі ұйымдастырған бай­қауда жеңіске жетті. Жоба нәти­жесінде өңірдің геологиялық құ­рылымын нақтылап, пайдалы қазба­лардың жаңа кен орындарын ашу болашағын бағалауға мүмкіндік туады. Университеттің тағы бір ғы­лыми жетістігі – университеттің Гео­логия, геофизика және геохимия ғылыми орталығы бұған дейін «Қазақстан Республикасындағы мұнай мен газдың антиклинальды емес тұзақтарын кешенді зерттеу» тақырыбы бойынша ғылыми жобаны табысты іске асыруы.

 

Академиялық ұтқырлық және халықаралық қатынастар

2020-2021 оқу жылы локдаунға қара­мастан АтМГУ үшін өзгерістер мен жаңалықтарға толы жыл болды. Университетте студенттер мен ғылыми-педагогикалық қызмет­кер­лердің академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру жұмыстары, қос дип­ломды бағдарлама және шетелдің жоғары оқу орындарымен өзара ынтымақтастық орнату жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Солардың бірқатарына тоқтала кетсек, С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті PETRONAS Технологиялық уни­­вер­­си­тетімен (UNIVERSITI TEKNOLOGI PETRONAS) онлайн фор­матта екіжақты ғылым және білім беру саласындағы ынты­мақ­тас­тықты дамыту жөніндегі меморан­думға қол қойды. Меморандум негі­зінде екі университет арасында ғы­лыми-зерттеу және жоғары бі­лім беру қызметін қолдау, студент­тер мен професорлық-оқыту­шы құ­ра­мы­ның академиялық ұт­қыр­лық бағ­дарламасының жүзе­ге асуын қам­тамасыз ету жұмыс­тары жүр­гізі­лу­де. Айталық, ынты­мақ­тастық ая­сын­да АтМГУ профессорлық-оқы­ту­шы құрамы Малайзиядан тағы­лым­да­мадан өтуге, ал магистранттар мен Phd докторанттарға оқуларын сол елде жалғастыру мүмкіндігі беріліп отыр.

Сафи Өтебаев атындағы Мұнай және газ университеті мен Университет Лотарингии (University of Lorraine) ара­сында геология және мұнай-газ ба­ғытында өзара серіктестік орнатылуда.

Францияның Тоталь профессор­лар қауымдастығы (Total Profess­eurs Associes) мен Total E&P Kazak­hstan компаниясының қолдауымен Тоталь энергетикалық мектебі (TESS) ұйым­дастырылып,

оған универ­си­тет­тің профессор-оқытушылық құрамы мен студентер қатысты.

Университетте сонымен қатар виртуалды академиялық ұтқырлық бағ­дарламасы жүзеге асуда. Бұл бағ­дар­лама бойынша бүгінде 40-тан астам студент білім алды. Оның ішін­де 5 студент Малайзияның Пет­ронас уни­верситетінде виртуалды мобиль­ділік бағдарламасы бойын­ша оқыды.

Университеттің тағы да бір ма­ңызды жобасы – Каспийлік SDG хабы. Хаб аясында бірлескен ғы­лы­ми жобаларды жүзеге асыру, сту­денттердің стартап-жобалары кон­к­урстары мен хакатондар, конференциялар мен семинарлар өткізу, Каспийдің тұрақты даму желілік университетін құру жос­пары бар. С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде БҰҰ-ның Қазақстандағы ғаламдық коммуникациялар департаментінің қолдауымен құрылған Каспий Хаб-қа (Caspian SDG Hub) Каспий маңы елдерінің мем­­ле­кеттік университеттерінің Қауым­дас­тығы да оң ықылас танытып отыр. Бірлескен жобаның аясын­да Қауым­дастық құрамындағы мем­ле­­­кет­­тік университеттердің 9 ректоры Каспий Хаб аясында (Caspian hub on sustainable development goals) өзара серіктестік туралы келісімге қол қойды. Осы құжат негізінде Кас­пий маңы аймағында кешенді түрде эко­но­микалық, әлеуметтік, эко­­ло­­гия­лық ком­поненттерді бірік­тіру арқылы тұрақты дамуға бағыт­талған жобаларға күш салынбақшы. Осылайша, бүгін­гі таңда С.Өтебаев атындағы Аты­рау мұнай және газ университеті са­па­лы білім берумен қатар, оқу орны­ның ғылыми әлеуетін арттыру мен халық­аралық ынтымақтастығы аясын кеңейту жұ­мыс­тары қарқынды жүргізілуде.

 

Гүлзада ШАКУЛИКОВА,

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Басқарма төрағасы-ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор