Аймақтар • 14 Маусым, 2021

Шығыс Қазақстанда 500-ге жуық шетелдік жауапкершілікке тартылды

1198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында 450-ден астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстанда 500-ге жуық шетелдік жауапкершілікке тартылды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Мигрант» жедел алдын алу шарасы аясында көші-қон заңнамасын бұзған 464 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 21 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылды.

«Еліміздің 192 азаматы көшіп келушілердің өз үйлерінде болуы туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабарламаған. Сондай-ақ шетелдіктерді уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбекке тартқан 26 жұмыс берушіге айыппұл салынды», делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, жедел алдын алу шарасы аясында қос азаматтығы бар 3 адам анықталды.