Қоғам • 14 Маусым, 2021

Қостанайда жасырын есірткі зертханасының қызметі әшкереленді

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанайда жасырын есірткі зертханасының қызметі әшкереленді

«Рудный қалалық полиция басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2021» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында психотроптық заттарды дайындайтын наркологиялық зертхана қызметіне тосқауыл қойды. Қостанай қаласының 55 жастағы тұрғыны автокөлік гараждары аумағынан бір гаражды қылмыстық мақсаттарын жүзеге асыру үшін жалға алған. Зертханаға айналған гаражды тінту барысында жедел уәкілдер жалпы салмағы 308 грамм «мефедрон» психотроптық заты бар 446 zip–пакет тәркіледі. Гараждан кофе тартқыштар, электронды таразылар, этил спирті, есірткіні орауға арналған электрлік таспалар сынды бүкіл арсенал алынды», деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, аталған факт ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.

«Бұрын осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталған күдікті енді мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», деді Нұрділдә Ораз.