Қазақстан • 14 Маусым, 2021

Қазақстан мен Ауғанстан өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ-тың Ауғанстанды бітістіру жөніндегі арнайы өкілі Залил Халилзадты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ сілтеме жасап.

Қазақстан мен Ауғанстан өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Кездесу барысында тараптар Ауғанстандағы ағымдағы жағдайды және ауғанаралық диалогты жолға қою процесін талқылады.

«Қазақстан Ауғанстанды дамытуға, оның ішінде Орталық Азия мен Америка Құрама Штаттары арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі тетігіне айналған С5+1 форматы шеңберінде жәрдемдесу бойынша күш-жігерін салуды жалғастырады», деп мәлімдеді кездесуде М.Тілеуберді.

Тараптар ауған бағытындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.