Аймақтар • 14 Маусым, 2021

Құлсарыда көлік терезесінен денесін шығарғандарға айыппұл салынды

806 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында көлік терезесінен денесін шығарғандарға айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Құлсарыда көлік терезесінен денесін шығарғандарға айыппұл салынды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 13 маусымда Құлсары қаласының орталық көшесінде екі адам қозғалып бара жатқан көліктің терезесінен денесін шығарып, ту ұстап тұрған.

«Жолда жүру ережесін сақтамағандар Жылыой аудандық полиция бөлімінің жедел басқару орталығының бейнекамерасына түскен. Видеода екі азаматтың көлік терезесінен денесін шығарып, мемлекеттік Туды ұстап тұрғанын көруге болады. Осыған орай патрульдік полиция қызметкерлері «Toyota Ipsum» көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 593-ші және 619-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.