Таным • 17 Маусым, 2021

Фатима ханшаның камзолы

619 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Респуб­лика­сының Ұлттық музейінде Фатима ханшаның камзолы сақтаулы тұр. Музейдегі камзол – сол киім үлгі­сінің қайта өңделіп, жаң­ғыртылған нұсқасы. XVII ғасырда Фатима ханша осы камзолды патша сарайын­дағы салтанатты жиында киген еді.

Фатима ханшаның камзолы

Фатима – Ресейдің тұң­ғыш мүфтиі Мұхамеджан Хұсайы­нов­тың қызы, Жәңгір ханның жары. Яғни ол қазақ хандары әулетінің келіні. Өте білімді әрі қабілетті жан болған екен. Ағартушылыққа өз үлесін қосып, қыздарға ар­нал­ған  мек­теп ашқан. Фатима орыс, неміс, француз тілдерін жетік бі­лумен қатар, фортепианода ойнай алған. Ол – парасатымен ерекшеленген қазақ ханшасы. Фатима Николай І патшаның таққа отыру рәсімінде өзінің сән-салтанатымен көзге түседі. Сон­да киген қазақ камзолы қа­зір Ұлттық музейде сақтаулы тұр. Қызыл камзолдың етек жағы алтын жіппен әдіптелген. Түп­нұсқа үлгісін сақтай отырып, жаңғыртып қайта тіккен –  Айжан Абдубаитова. Қазақтың ұлт­тық киімінің жарқын үл­гісі ретінде этнография залын­да тұр. Фатиманың тарихи беделі, әсіресе, Николай І патша­ның таққа отыру салтанаты ке­зін­дегі сәтпен байланыстыры­лады. Мәселен, Тілекқабыл Боранға­лиұлының «Жәңгір хан» тарихи романында бұл оқиға: «Той-думанның бір сәтінде Еуропадан келген әулеттік атағы бар кербездер мен орыс элитасының қып­ша белдерін би залының ше­тіне ығыстырып, Николай мен Фатима вальспен қалықтады», деп бейнеленген еді.

 

Айтолған ЖҮНІСХАН,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті