Президент • 18 Маусым, 2021

Президент дәрігерлердің төлемақысы үшін қосымша 71,5 миллиард теңге бөлінетінін айтты

2691 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін астанада «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент дәрігерлердің төлемақысы үшін қосымша 71,5 миллиард теңге бөлінетінін айтты

«Коронавируспен күреске атсалысқан дәрігерлерге төленетін тек үстемеақы мен сақтандыру жәрдемақылары үшін 180 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Үкімет биылғы қазан айына дейін төлемақы беруді жалғастыру үшін осы мақсатқа қосымша 71,5 миллиард теңге бөледі. Біз дәрігерлердің еңбекақысын кезең-кезеңімен арттыруды бастадық. Бұл үрдіс жалғаса береді», деді Мемлекет басшысы.