Қоғам • 25 Маусым, 2021

Атаулы әлеуметтік көмек кімдерге беріледі?

2335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 маусымдағы жағдай  бойынша 164,4 мың отбасындағы 799,2 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Ағымдағы жылы осы мақсаттарға бюджеттен 122,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атаулы әлеуметтік көмек кімдерге беріледі?

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына толмаған балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

2021 жылғы 1 маусымда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 196,5 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия заттарының жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, АӘК алушыларға бұның алдында, 2020 жылғы II,III және IV тоқсанда ТЖ режимі мен карантиндік шектеу шараларына байланысты көмек тағайындауға өтініштері ұзартылды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.