Осы ретте елордада «Вакцина ал – машина ұтып ал» акциясы басталды. 23 маусым мен 31 тамыз аралығында «Mega Silk Way» СОО-да Сovid-19 вакцинасының бірінші компонентін алатын қазақстандықтар «Астана Моторс» компаниясынан Hyundai Accent автокөлігін ұтып ала алады. Акцияның бас серіктесі – «Астана Моторс» ҚМК. Финалдық ұтыс ойынын 5 қыркүйекте «Mega Silk Way» СОО Instagram арқылы тікелей эфирде өткізеді. Сонымен қатар апта сайын тұрмыстық техника, түрлі сертификаттар және тағы басқа да сыйлықтар ойнатылады.
Акцияның мақсаты Қазақстанда вакциналау қарқынын арттыру екені түсінікті. Мұндай акциялар түрлі елдерде сәтті өтіп жатыр. Жақында Польша, Таиланд, АҚШ, Ресей, Моңғолия, Сербия, Индонезия, Қытай, Венгрия, Израиль елдерінің үкіметтері вакциналанғандар арасында автокөлік ұтыс ойынын өткізуді қолға алған еді.
«Вакцина ал – машина ұтып ал» акциясы туралы толық ақпаратты mega.kz сайтынан және MEGA-ның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан алуға болады.
Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында вакцина салдырғандар арасында пәтер ұтысы ойнатылатынын мәлімдеді.
«Коронавирустың таралуын болдырмау және вакциналау жүргізу бойынша штаб отырысын өткіздім. Орынбасарларыма, басқарма басшыларына және аудан әкімдеріне жетекшілік ететін салаларда вакциналаудың маңыздылығы мен қажеттілігін жоғары деңгейде түсіндіру үшін жекелеген жауап-
кершілік жүктелді. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін қала халқының 60%-дан астамы вакциналануы қажет. Санитарлық дәрігерлер қосымша карантин шектеулері туралы жаңа қаулы дайындауда: қауіп-қатер тобы үшін вакцина алу міндетті, вакциналанбаған қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режіміне көшіру сияқты талап қойылады. Қала тұрғындарын ынталандыру үшін бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынын енгізіп жатырмыз. Ал жаңадан вакциналанғандар арасында инвесторлар есебінен екі бөлмелі пәтер ойнатпақпыз. Ұтыс ойынына қала емханаларында немесе сауда-ойын-сауық орталықтарында екпе алған қала тұрғындарының бәрі қатыса алады. Ал пәтер ұтысының ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады. Қыркүйек айының басында нәтижесін жариялаймыз. Конкурстың әділ өтуі және вакциналанғандарды толығымен қамту үшін IT-қоғамдастықты жұмылдырамыз», деп жазды елорда әкімі.
Коронавирус инфекциясымен күрес екінші жылға созылып барады. Жыл басынан бері осынау күрес вакциналаумен күшейді. Бұл – ұжымдық иммунитетті дамытудың және өмірдің бұрынғы жағдайына оралудың жалғыз, тиімді әдісі.
Мемлекет басшысы Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өткізді
Президент • Бүгін, 13:29
Астанада халықаралық іздеуде жүрген әйел қолға түсті
Елорда • Бүгін, 12:33
«Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасы: «Бәйтерек» кәсіпкерлерді қолдауды жалғастырады
Сұхбат • Бүгін, 12:00
Тұлғалар тағылымы: Жұмабай Шаяхметов және Нұртас Оңдасынов
Зерде • Бүгін, 11:35
«Таза Қазақстан»: Қоғамды біріктіріп, тұрғындарды тазалыққа үндеді
Экология • Бүгін, 11:25
Аймақтар • Бүгін, 11:15