Қоғам • 28 Маусым, 2021

Алматының орта жастағы тұрғындары КВИ жұқтыруға бейім

174 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлемнің бірқатар елі өздерін коронавирустың жаңа штамынан оқшауласа, ал Алматы тұрғындары, әсіресе жастар карантин шараларын күн сайын бұзып келеді. Мегаполистің Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте жастардың вакцинаны елемей, КВИ таралу мәселесіне енжар қарайтындықтарын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматының орта жастағы тұрғындары КВИ жұқтыруға бейім

Журналистердің сұрақтарына жауап бере келіп, Жандарбек Бекшин соңғы эпидемиологиялық тексеру барысында науқастармен байланыста болу салдарынан азаматтардың коронавирус жұқтыруының 86% жағдайының тіркелгенін атады.

«Олар отбасында, сауда нысандарында, бұқаралық іс-шараларда, мерейтой мен еске алу кештерінде, қоғамдық көлікте індет жұқтыруда»,  деді бас санитарлық дәрігер.

Ж. Бекшиннің айтуынша, жаңа штамдардың таралу қаупі жоғары. «Сондықтан Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай күрделі. Қалада коронавирус ауруының жоғары таралуы жастардың вакцинаға немқұрайлы қарауынан әрі карантиндік шаралардың бұзылуынан», деді бас санитарлық дәрігер.

«Негізінен 20 - 40 жастағы азаматтар дертті тез жұқтырады. Қазір осы жас аралығында дерт жұқтырғандар 38%-ды құрайды. Бүгінде індет жұқтыру қаупі 5% өсімді көрсетсе, бұл жастардың вакцинаны елемеуінде. Жастар қарт адамдар сияқты коронавирустың жаңа штамымен инфекцияға және ауруға бейім екенін ескерген жөн», деді Ж. Бекшин.

Вирустың негізгі тасымалдаушысы – белсенді жастар. Мысалы, мониторингтік топтар демалыс күндері белгіленген шектеулердің ондаған бұзушылықтарын тіркеді. Түнгі уақытта бірнеше ойын-сауық мекемелері анықталды. Онда адамдар әлеуметтік қашықтық пен жұмыс режимін сақтамады.

Ж. Бекшиннің айтуынша, 40 пен 60 жас аралығындағы халық белсенді түрде вакцина алды, бұл осы топтың жұқтыру жағдайларының 5%-ға төмендегенін көрсетті.

60 жастан асқан адамдар ерікті түрде вакцина алды, сондықтан аурудың тек 20%-ы тіркелген. 

Эпидемиологиялық талаптарды сақтамау салдарынан Алматыда 14 жасқа дейінгі балалардың жұқтыру қаупінің жоғары екені байқалды, олардың арасында дерт 12%-дан 15%-ға дейін артты. Ж. Бекшиннің пікірінше, бұл СOVID-19 «дельта» штаммының ерекшелігі.