Білім • 29 Маусым, 2021

Тегін білім беру курстарында оқытады

273 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанда ҮЕҰ әлеуеті жыл­дан-жылға артып келеді. Мем­лекет азаматтық сектор өкіл­де­ріне, әсіресе әлеуметтік сала­да­ғы функцияларын көбірек беру­ге дайын. Осы міндеттерді сапалы орындау үшін ҮЕҰ өз құзыреттерінің деңгейін үнемі арттырып отыруы тиіс. Бұл үшін 2020 жылы ҮЕҰ академия­сы құрылды. Мақсат – бәсекеге қа­білетті үкіметтік емес секторды да­мыту үшін жаңа жағдайлар жасау.

Тегін білім беру курстарында оқытады

Жоба жақсы нәтиже көрсетіп, өзінің қажеттілігін дәлелдеді. Сон­дықтан, биыл ҮЕҰ академиясы жаңартылған және терең білім форматын ұсынды. Нәтижесінде, сәуір айында таныстырылған арнайы ғылыми зерттеу негізінде ең қажетті пәндерге назар ауда­ратын бірегей білім беру бағдарламасы құрылды. 15 маусым күні ҮЕҰ-ға арналған білім беру бағ­дар­ламасы басталды. Онда 8 мо­дуль қарастырылған, оның әрқай­сысында 5 тренинг бар.
Оқыту тақырыптарының ауқы­­мы өте кең, оған маркетинг және PR, фандрайзинг, жоба­ларды басқару, ақпараттық технологиялар, әлеуметтік жоба­лау және тағы басқалар кіреді. Оқу­дың қан­шалықты тиімді бол­ғанын түсіну үшін оқу басын­да және со­ңында өлшемдер жүргізіледі.
«Қоғамшылдар, әсіресе, әлеу­меттік салада жұмыс істеушілер өз білімін үнемі жаңартып отыруы керек. Өкінішке қарай, Қа­зақстанда қазір ҮЕҰ білім бе­ру проблемасына алаңдайтын ұйым­дар жоқ. Сондықтан, біз бұл функ­цияны өзімізге жүктедік. Со­нымен қатар, біз қызмет сала­­сын мұқият зерттеп, сауалдама жүргіздік. Оның қорытындысы бойынша қатысушылардың басым көпшілігі, яғни, 84%-ы тегін оқуға ниет білдірді. Сонымен қа­­тар, біз оқу бағдарламасына тек пай­далы болатын пәндерді енгіз­дік», дейді Азаматтық баста­маларды қолдау орталығы басқармасының төрағасы Лима Диас.
Тыңдаушылар онлайн режім­де тәжірибелі спикерлермен жұмыс істеп, жаңа және пайдалы білім мен дағдыларды алып, сонымен бірге, бизнес-модельді әзірлеуге дейін өз идеяларын пысықтайды. Жобаға қазақ­стандық және халықаралық биз­нес-жаттықтырушылар, кә­сіби коучтер, бірегей жеке бағ­­да­р­­лама­лардың авторлары тар­тыл­ған.
«Өзімізге жетіспеген бағыттар бойынша білім алып жатырмыз. Білімді тегін алу өте маңызды. Жаттықтырушылардың бізге бер­ген ақпараттары қиындық­сыз игерерліктей түсінікті. Ал­ған білімді өз ұйымыма қол­да­нып жүрмін және біздің жұ­мы­сымыздың тиімділігін арттыру үшін нені жақсартуға болатынын талдап көрдім», дейді «Береке» қоғамдық қоры тарапынан қаты­сушы Галина Шеенко.
Жыл соңына дейін акаде­мия-­
­­­да ҮЕҰ-ның 800 ­өкі­лі білім ал­мақ. Еске сала кетейік, білім беру бағдарламасынан басқа, маусым айының басында үкімет­тік емес ұйымдар өкілдеріне ар­налған әлеуметтік кәсіпкерлік онлайн-мектебі де іске қосылды, ол қазақ және орыс тілдерінде үш кезеңде өтеді. Бірінші кезең қалыптасып, оның тыңдаушыла­ры оқудан өтуде, ал екінші және үшінші кезең өз жұмысын шілде және тамыз айларында бастайды, оған қабылдау әлі де жүргізілуде.
Оқудың екінші легі 28 маусымда (қазақ тілінде), үшіншісі 19 шілдеде (орыс тілінде) басталады, сондықтан, қазақстандық ҮЕҰ өкілдерінің оқуға тіркелу мүмкіндігі бар. Жалпы, жобаның барлық кезеңінде 160 ҮЕҰ өкілін оқыту жоспарлануда.

«Егемен-ақпарат»