«Бұған дейін 103 қызметіне тәулігіне орташа есеппен 750-800 шақырту келіп түскен. Ал, қазір шақырту саны 950-ге дейін өсті. Демалыс күндері облыс тұрғындарынан түскен қоңырау саны 1100-ге жеткен. Жедел жәрдемге артериялық гипертониясы, сондай-ақ, инсульттан кейінгі асқынуы бар тұрғындар көп шағымдануда», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, жедел респираторлық аурудың таралуы артқаны байқалады. Дәрігерлер мұны бөлме температурасының өзгеруімен, салқын суды ішумен байланыстырып отыр.